Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерген журналистер марапатталады
2016 ж. 20 мамыр
2388
0
Алматы әкімдігінде «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» қалалық байқауы жарияланды. Бұл туралы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы хабарлады.
Жылда өткізілетін байқау биыл да журналистер күніне орай ұйымдастырылмақ.
«Байқаудың басты мақсаты мемлекеттік тіл саясатының қазақ және орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталуын қолдау болып отыр», - деді ұйымдастырушылар.
Байқауға тіл саясаты туралы өткір материалдар жариялаған баспасөз, телеарна, радио, интернет басылымдарында жұмыс жасайтын журналистер қатыса алады.
«Қазылар алқасы 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік тіл тақырыбында жарияланған мақалаларды сарапқа салады. Жұмыстар 20 маусымға дейін қабылданады», - делінген хабарламада.
Үміткерлер өз жұмыстарын nurkyz999@mail.ru электронды поштасына жібере алады. Байқау ашарттары туралы толығырақ 2631527, 87078070102 телефондарына хабарласу арқылы білуге болады.
Дерек көзі: ҚазАқпарат