Мәсімов мойындады, бірақ...
2016 ж. 12 мамыр
6057
22
Үкіметтің «үнсіз» тізгіншісі Кәрім Мәсімов жер сату мен оны жалға беру мәселесінде өзінің және өзі басқаратын министрлер кабинетінің дұрыс жұмыс жасамағанын мойындады,-деп хабарлайды vlast.kz порталы.
«Жер кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерді халыққа түсіндіру жұмыстарының ретсіз әрі дұрыс жүргізілмегенін мойындаймыз. Ұлттық экономика министрлігі мен Ауыршалуашылық министрлігі басшылары мен қызметкерлері аталған Заң жобасын тиісті деңгейде түсіндіре алмады»,-дейді премьер-министр Мәсімов.
Бұл туралы Кәрім Мәсімов Ақордадағы бүгінгі күннің ең актуалды мәселелерін талқылаған жиында мәлімдеген.
Сондай-ақ, премьер-министр мырза ҚР Жер кодексінің 24 бабында көрсетілгендей «ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдері тек ҚР азаматтарына ғана жеке меншікке берілетіні және заңды тұлғаларға беру туралы 2003 жылы енгізілген өзгерістердің де» бар екені айтқан. Мәсімов мырзаның айтуынша, бұл Заң жобасы әлі күнге дейін қолданыста екен.
«Біз әрқашанда қазақстандықтардың жағдайын ойлаймыз және Қазақстан жері қазақстандықтарға берілуі тиіс деп есептейміз. Өкінішке орай, қазіргі таңда ауылшаруашылық мақсаттарындағы жер телімдегі торлықтай дерлік қолданысқа енгізілмеген. Соңғы 15 жылда аграрлық аймақтардағы қарашіріктердің сапасы 21 пайызға дейін төмендеп кеткен»,-дейді Мәсімов мырза.
Осы жиыннан кейін Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев пен оның орынбасары Қайырбек Өскенбаев және Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтер отставкаға кеткен болатын.
Ақордадағы ауыс-түйістер кезінде қоғам белсенділері мен әлеуметтік желі қолданушылары премьер-министр Кәрім Мәсімовті отставкаға жіберу туралы бастама көтерген.
Нұрзат Тоғжан
Abai.kz