Еліміздің тағы бір қаласында митинг өтіп жатыр
2016 ж. 04 мамыр
4318
2
Оралда бүгін орталық Абай алаңында ондаған адам жиналып, жерді сатуға және шетелдіктерге жалға беруге қарсылық танытып жатыр.
Азаттық тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, жиналғандармен Орал қаласы әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев сөйлесіп жатыр. "Стихиялық митингтің басталғанына жарты сағататй уақыт болды. Өтеғұлов жиналғандарға қалалық әкімдіктің конференция өтетін залына кіруін сұрап, мәселені сол жерде талқылауды ұсынды. Бірақ жиналғандар оның ұсынысымен келіспей тұр. Жиналғандар биліктен жер кодексіне енгізілген жерді сату және шетелдіктерге жалға беру туралы өзгерістерді жоюды талап етеді. Қазір алаңды ондаған полицей қоршап тұр" дейді Азаттық тілшісі. Жиналғандар алдына шыққан облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов та оларды әкімдікке кіріп, сөйлесуді ұсынған. Бірақ жиналғандар мұны тыңдамады.
Жиналғандар бұған қоса өздеріне облыс әкімі Алтай Көлгінов шығып, "жер шетелдіктерге жалға берілмейді және сатылмайды" деп уәде бергенін талап етеді.
Полицейлер әзірге митингіні сырттай бақылап қана тұр.