ЕҢ БАСТЫСЫ , ЕЛ мен ЖЕР МӘСЕЛЕСІНДЕ БІРЛІК БОЛСЫН!
2016 ж. 01 мамыр
2882
7
Бүгінгі заманның ерлері Ертаевтар ма, Ермұраттар ма!!!
Ауылшаруашылық жерлері шетел азаматтарына сатылмайды, тек жалға беріледі.
"Ауылшаруашылық жерлері шетел азаматтарына сатылмайды, тек жалға беріледі. Жер кодексінде мұндай ереже 2003 жылдан бері бар. Ол кезде 15 жылға берілсе, қазір тек жалға алу мерзімі 10 жылға ұзартылып отыр".
Мәжіліс депутаты Бақытжан ЕРТАЕВ осылай мәлімдеді деп хабарлайды 24 арна.
ЯҒНИ, ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖЕРДІ ЖАЛҒА АЛУДЫ ПАРЛАМЕНТ 25 ЖЫЛҒА (ширек ғасыр) ҰЗАРТЫП ОТЫР..
ЕҢ БАСТЫСЫ , ЕЛ мен ЖЕР МӘСЕЛЕСІНДЕ БІРЛІК БОЛСЫН!
Ермұрат БӘПИ: "Полицияда үш сағаттың маңында ұстап, "түсінік жұмыстарын жүргізіп", жалынғандай болып, босатты. Босатпауға құймышақтары қуыс: ол біздің мықтылығымыз емес, халықтың қаһарынан қаймыққандықтың белгісі. Бізді қамап, жағдайды ушықтыруға болмасын олар да сезіп отыр. Айтпақшы, бізді ұстап, "түсінік жүргізген" жігіттердің барлығы бірдей осы жолы биліктің қолшоқпары болды деп айта алмаймын. Олардың түрлерінен де көрініп тұр: жер барлығымызға ортақ мәселе екені. Қиналыстары жүздерінен де, сөздерінен де айқын аңғарылады. Мен полициядан босап шыққаныма емес, ең бастысы, осыған қуандым. Олардың да (прокурордың да, полицейдің де) аяқтары қос тағандап тұруына қазақтың жері себепкер екенін бәріміз бірдей сезініп отырмыз. Ең бастысы, ел мен жер мәселесінде бірлік болсын! Аман болайық, ағайын!
qazaquni.kz