РЕСУРС ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ БАҚЫТЫ
2016 ж. 01 мамыр
3956
4
Достар неге жер байлығы бар мемлекеттердің көбісі халқы жарлы, билікгі диктатура және жемқор болып келеді? Кезінде диссертацияны компаниялардың жахандану процесінен қорғаған едім. Сонда ресурс теориясын қолданған сіздерге жоғарғы сұрақтарға жауап беруді жөн көрдім.
1) Адам табиғаты әрдайым бірінші өзінің мүддесін ойлайды. Өз мүддесіне жету үшін, керекті жерде залым және керекті жерде мейірімді көрінеді. Осыны түсінген адам алданбайды және неге біреу өз мүддесін қорғайды деп те ашуланбайды. Сондықтан дамыған елі бар мемлекеттің халқы түрлі ұйымдар арқалы билікке және жұмыс істейтін компанияларға қарсы өз мүддесін қорғайды.
2) Ресурс екі түрлі болып бөлінеді. Бірі ЖЕР болса екеншісі АДАМ. Жер ресурсын алу оңай, жерде тартып болмаса алдап сатып алуға болады, бірақ адам ресурсын алу қиын. Себебі адам ресурсын зорлап ала алмайсың. Және алдап алсаңда бір, болмаса екі рет алдай аласың, сол үшін адам ресурсын алғың келсе, ол адамды өмір бойы риза қылуың керек. Сол үшін жер ресурсы бар мемлекет диктатура болып келеді. Ал жер ресурсы жоқ мемлекет халқының адам ресурсына қажетті болған соң, халық билікті дайындап демократия орнайды.
3) Бір жағынан билік басындағылар демократиялық түрде, болмаса диктатуралық түрде өз мүддесін ойлап жүрсе, екенші жағынан мемлекетке сырттай ықпал ететін мүдделер бар. Оларды әуелгісі азулы мемлекеттер болса, екеншісі адамның қаны мен күн көріп отырған қару-жарақ шығаратын компаниялар және алпауыт үлкен инвесторлар.
4) Азулы мемлекеттер де, қырып-жойғыш қару-жарақ жасайтын компаниялар да және алпауыт инвесторлар да өз мүдделерін қорғауды мақсат етеді. Азулы мемлекеткерге жер болмаса адам ресурсы керек, биліктері өз мемлекетін байытып сол арқалы өзінің мүддесіне жетеуді ойлайды. Сол үшін бұл азулы мемлекеттер қару-жарақ жасайтын компаниялар мен және алпауыт инвесторлар мен жұмыс істейді, қай жағы пайдалы сол жағы мен, керек десең келіп еліңе инвестиция жасайды, болмаса соғыс!
5) Демократиялық билік орнаған елде БАҚ, сот, заң шығарушы және атқарушы билік тәуелсіз жұмыс істейді, ал диктатуралық билікте бұл мекемелердің бәрі бірнеше адамның айтқанымен жұмыс істейді. Сөйтіп бұл бірнеше адам өз мүдделерін қорғап мемлекеттегі жер ресурстарын өз қалауымен шет елге сатып, байып алады.
6) Бұл көріністі халық көріп, өз билігіне жау бола бастайды, бұны жақсы түсенгін шет ел билігі дін, демократия, ұлтшылдық тағы басқа құралдарды қолданып билікті қол астына түсіріп алып, мемлекеттің жер байлығын сорып жата береде.
7) Мемлекеттің бір жағынан шет ел, екенші жағынан өз халқы қысқан кезде, мемлекет ең қатері аз жақты таңдайды. Өкінішке орай халқында ауызбірлігі жоқ мемлекеттерде билік өзінің және шет елдің мүддесін қорғап, халқын қырып салады!
Ресурс теориясы билік қалыптасуы елдегі ресурсқа байланысты дейді. Сол үшін дамымаған ресурсы көп елдің басына қандай адам келсе, ол жемқор жəне диктатор болады. Мысалы талай диктатур елдің билігі құласа да, орнына тағы бір диктатор келуінің себебі сондықтан.
PS. Достар! Бұл теорияға қарасақ, егер халыққа өзгеріс керек болса билік басындағы адамдарды емес өздеріңді өзгертіңдер дейді. Мысалы митинггі шыққанда мыңдап емес, жүз мыңдап шығу керек. Сонда барып билік өз мүддесін ойлап халық үшін жұмыс істейді!!!
qazaquni.kz