Өнердің тілі шектеусіз
2016 ж. 11 сәуір
2907
0
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына жәнеде «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты «ХХ-ХХІ ғасырдың басындағы Өнертану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. Конференцияның негізгі бағыттары: Тарихи және замануи көркем үдерістердегі Қазақсан өнертануы; Өнердегі бірегейлену мәселелері. Жаһандану тұжырымындағы ұлттық ізденістер; Заманауи өнер. Негізгі үдерістер мен бағыттардың дамуы. Конференция аясында Ресей, Татарстан, Өзбекстан елдерінен келген өнертанушылар өзідік тәжірибелерімен өісіп шеберлік класстар өткізді. Сондай-ақ академия суретшілерінің бірлестіктегі «Заманауи және дәстүрлі өнерлер сұхбаты» атты көркем суретті көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.
Аталған конференция бағыттары барысында қазақ және шет ел өнертанушылары бірігіп ХХ-ХХІ ғасырдағы өнертану саласының негізгі мәселелерін талқыға салды. Конференцияға қатысушы елдер арасында К.Акилова (Өзбекстан), С.Грачева (Санкт-Петербург), Е.Кононенко (Москва), Л.Шкляева (Қазан), Т. Кочева (Улан-Уде) т.б. сынды өнертанушылар өзіндік тың өнертанулық еңбектерімен айрықша көзге түсті.
Қазақ өнертану саласын тілге тиек етер болсақ, осыдан 20 жыл бұрын ғана Қазақстанның тәуелсіздігімен тең жасасқан, еліміздің білім беру және өнердің саласында өнертанушы мамандарды тәрбиелеп, қазақ өнерін оқыту мен зерттеуге кафедра оқытушы-профессорлары өз үлестерін қосып келеді. Бұл әрине аз уақыт болып көрінседе, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын жетістіктерінің бірі болып табылады. Себебі, өз елінде білім алған болашақ маман ертеңгі Қазақ елінің жарқын жанашыр, өнерінің еркін сарапшысы бола алады.
Өз сөзінде академия ректоры Н.Б.Нүсіпжанова «Өнер тілі мәдениеттерді жақындата түседі, олармен интеграциялық байланысы күшейе түсері анық. Өнер халықтың саяси-әлеуметтік жағдайы мәселелерінің айқын көрінісі. Сондықтан бүгінгі өнердің өзекті мәселелері тек өнермен ғана шектелмейді, ол әлемдік өнер кеңістігіндегі осы саладан білім алу мен көркем өнердің даму бағыты мен болашағын болжауға мүмкіндіктер ашады. Әмбебап өнер тілі әлемнің жаһандық жағдайында ұлттық өнеріміздің бірегей болуын қамтамасыз етері анық» деп өнердің негізгі үдеріс жолын атап айтты. Әлемдік өнертану саласындағы өзекті мәселелерін ортаға салған конференция барысында қазақ өнертануының негізгі бағыттары мен болашағына көптеген бағыт бағдар алғандығы сөзсіз. Себебі аз ғана уақыт аралығында өз жолын даралап келе жатқан еліміздегі «Өнертану» мамандарын даярлайтын бірден бір оқу орнының әлемдік кеңістікте шарықтауына көптеген белестердің асуы алда екендігі белгілі. 1995 жылы ашылған «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының құрылуының басында Қ.Мұратаев, Ұ.Ибрагимов, Қ.Болатбаев, А.Ғалымжанова, С.Шкляева тағыда басқа қазақ өнеррінің жанашыр тұлғалары тұрды. Осы белді тұлғалардың қалаған іргетасы бүгінде қанатын кеңге жайып келе жатқан қазақ бейнелеу өнерінің жарқын сарапшылары мен таныстырушылары болып қалыптасып келеді. 80 жылдық тарихы бар қазақ бейнелеу өнерінің даму тарихын еңсеріп келе жатқан қазақ өнертанушыларына қаламдарыңыз жүйрік болсын демекпіз.
Өнертанушы Қарабалаева Б.Р.
qazaquni.kz