"Полковник Қайрат Үмбетов өмірін қатерге тіге отырып, бірден сарбазға қарай жүгірген. Ол өз денесімен сарбазды жауып үлгеріп, жігітті аман алып қалған", - дейді Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.
Қазір полковник пен қатардағы сарбаздың жағдайлары бірқалыпты. Олар айтарлықтай ауыр жарақаттанбаған. Жарқыншақты иық пен аяқ жарақаттарын алған.
Еске салсақ, 7 сәуір күні сағат күндізгі 11-де Қарағанды облысы, Қарабас ауылында полигондағы оқу-жаттығу жиыны кезінде әскери граната жарылды. Салдарынан екі әскери адам жарақат алды.
Дерек көзі: NUR.KZ
Алдын ала тергеу оқу-жаттығулар кезінде гранатаны лақтыруы тиіс болған № 6505 әскери бөлімінің жедел қызмет сарбазы Абзал Сұлтанкұлов РГД-5 гранатасын тым жақын қашықтыққа лақтырғанын анықтады. Жерге құлаған жарылғыш құрылғы іске қосылған. Бұл туралы Ұлттық гвардияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап