«АҚ ЖОЛДЫҢ» ҚАТАРЫ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН ТОЛЫҒАТЫНЫНА СЕНЕМІЗ
2016 ж. 14 наурыз
1967
1
Ақылбек ШАЯХМЕТ, ақын:
«Ақ жолды» еліміздегі «Нұр Отаннан» кейін тұрған белсенді партиялардың бірі деп есептеймін. «Ақ жол» партиясы әу бастан-ақ ел экономикасының ілгерілуі жолында қарқынды қызмет етіп келе жатқаны көпке аян. Сонымен қатар, қазақ халқының рухани дамуы да – бұл ұйымның басты назарында.
«Ақ жол» партиясының атынан алдағы аламанда бақ сынайтын үміткерлердің қатарында Қазыбек Иса бастаған зиялы қауым өкілдерінің бар екендігі көңіл қуантады. Осындай қарымды қаламгерлеріміз мәжілістің төрінен табылса, қазақ әдебиетінің айналасындағы қордаланып қалған мәселелер оң шешімін табады деген ойдамын. Яғни, ақын-жазушыларды толғандырған өзекті мәселелерге де билік құлақ түреді деп сенеміз. «Ақ жолдың» елдің артқан сенімін ақтай отырып, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз. «Ақ жолдың» жолы болсын!
Дайындаған Гүлмира Садық
Материалдың жариялану ақысы "Ақ жол" партиясы сайлау қорынан төленді
qazaquni.kz