"Боратқа" Қазақстанда тұруға ұсыныс жасалды
2016 ж. 14 наурыз
2157
1
Ұлыбританиялық саясаткер әрі экс-парламентарий Остин Митчелл өзінің отандасы, актер Саша Барон Коэнді "бірінші номерлі жау" деп атады, - деп хабарлайды The Huffington Post.
Коэннің фильмдері мен ол экранға шығарып жүрген кейіпкерлер Гримсби қаласының лейбористік партия төрағасының ашуын келтірді. Атап айтқанда, Митчелл Борат "бірінші номерлі жау" жайлы фильм Қазақстанның абыройына нұқсан келтіріп қана қоймай, Ұлыбритания жұртшылығының беделін түсірді деп айыптады, экс-парламентарийдің пікірінше, ол қоғамның қолынан "көп нәрсе келеді". Саясаткер Коэннің шығармашылығын қатаң сынға алып, Қазақстанды фильмде сондай ел етіп көрсеткен екен, енді осы елде өмірінің соңына дейін тұруға кеңес берді.
Айта кетейік, Митчелл бірінші кезекте Коэннің "Гримсбилік бауырлар" атты фильмі үшін қатты ызаланды, бұл фильмде оқиға желісі саясаткердің туған қаласында өрбиді. Коэн бұл кинолентада қаланы маскүнемдер тұратын, қоқысқа толы гетто етіп көрсеткен.
Дерек көзі:tengrinews.kz