Алаштың аманаты – елдің болашағы
2016 ж. 11 наурыз
2589
0
Тартысқа толы мынау аласапыран заманның ауаны қым-қуыт болып,азынай соғып, саясаттың да қазанын сарқ-сұрқ қайнатуда. Адам пенденің мүддесі қалай өрбиді екен?! Кім жабығып жүргендерге – жұбаныш, тарығып жүргендерге – таяныш болар екен деген сауал тікесінен қойылатын сәт туғандай. Барлық саяси партиялар қам-қаракетке еніп, өз бағдарламаларын елге жолдауда. Ақжолдықтар да атқа қонып, ел-елді аралап, өздерінің сайлауалды тұғырнамаларын ұсыну үстінде.
Көкшетау қаласындағы Біржан сал атындағы музыкалық училищеде болған кездесуде осы жайлы әңгіме өрбіді. Ақжолдықтардың партиялық тізіміне енген үміткер ғалым, әдебиетші, тарихшы Қайырбек Кемеңгер шәкірттер алдында сөйлеген сөзінде қазақ елінің бүгіні мен ертеңі жайлы жылы әңгіме қозғады.Партияның бағдарламасына шолу жасады. Алаштың аманаты жайлы да тереңірек тоқталды.Білім саласын дамытудың жай-жапсарын да тілге тиек етті.
«Ақ жол» партиясының тізіміне бұл адам жайдан кіріп отырған жоқ. Бар саналы ғұмыры білім саласында өтіп келеді. Алаш жайлы да терең зерттеулер жасап жүр. Қазақты азат ел етемін деп жан ұшырған ұлт көсемдерінің еңбегін паш ету бағытында көп тер төгіп жүргенін де айтуға тиіспіз.
Қайырбек Кемеңгер кешегі алаштықтардың белді тұлғаларының бірі – Қошке Кемеңгерұлының шөбересі екенін де айтуға тиіспіз. Ұлы атасының жолын жалғаған бұл азаматқа қолдау білдіру маңызды да болып табылады. Себебі, біздің партиямыз осыдан бірнеше жыл бұрын өздерін алаш қозғалысының мұрагері деп таныған болатын. Олай болса, партияның қатарында алаш деп жүрген Қайырбектей азаматтың болғаны жөн.
Көкшеліктер де оның қатысуымен өткен кездесулерде оған осылай қолдау білдірді. Бұл оған ғана емес, «Ақ жол» партиясына жасалған құрмет деп түсінгеніміз абзал. Сондықтан алдағы сайлауда Парламент қатарынан өзінің лайықты орнын алған кезде Қайырбек Кемеңгердің де биік мінберден елдің сөзін айтатыны анық.
Жиналысты өткізіп, жүргізген Қайыргелді Исин келесі сөзді «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының орныбасары, белгілі журналист Бақыт Смағұлға бергенде ол да елдік жайлы сөз айтты. Ақжолдықтар елдің мүддесінен шығады деген тілекпен тарқасты жұрт.
Біз де оларға биік белестер тілейміз. Алаштың аманаты – елдің болашағы екенін ұмытпасақ керек.
«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы»
Мақаланың жариялану ақысы "Ақ жол" партиясының сайлау қорынан төленді