Жиһаз цехындағы басқосу
2016 ж. 11 наурыз
2060
0
Әмір Тоқтағанов басқаратын бұл шағын кәсіпорын жиһаздың түр-түрін шығарады. Қазір өндіріс ауқымын кеңейтіп келеді. Мұнда барлығы елуге тарта адам жұмыс істейді.
Меруерт Қазбекова кәсіпорын жұмысымен таныса келе мемлекет тарапынан бөлінетін қаржылай қолдау тетіктері жайлы айтып берді. Несие алып, кәсіпкерлік нысанды ашу оңай, ал, оның жұмысын жолға қойып, алға басу қиынның қиыны екенін жоққа шығармасақ керек. Қазіргідей сырттан шетелдік өнімдер нарқымызды жаулап жатқанда отандық өнім сапасын арттыру маңызды болып табылады. Бүгінде елімізде өз елімізде шығарылатын өнімдерге сұранысты арттыру мәселесі жиі көтеріледі. Осы жақында ғана Астана қаласында қазақстандық өнімдер сататын ірі сауда кешені ашылды. Бұған біздің партиямыздың көшбасшысы Азат Перуашев та қатысты.
Мұндай жақсы үрдісті жергілікті жерде де жалғастыру қажет. Меруерт Қазбекова жергілікті кәсіпкерлердің назарын осыған аударды. Партия бұл бағытта мақсатты жұмыстар істейтінін де атап көрсетті.
Өз кезегінде ол бұл сайлау кезіндегі науқандық шара еместігін және партияның ұдайы алға ұстайтын бағыты екенін баса айтты ол.
Бақыт Смағұл
Мақаланың жариялану ақысы "Ақ жол" партиясының сайлау қорынан төленді