Фариза Оңғарсыноваға ескерткіш орнатылды
2016 ж. 04 наурыз
4866
1
Атырауда ақын Фариза Оңғарсыноваға арнап ескерткіш орнатылды.
«Фариза Оңғарсынова - Каспий аймағындағы ең танымал адамдардың бірі. Ол өзі көрген адамдардың махаббаты, батыл әрекеттері, қайсарлығы жайлы қалам тербеді. Бұл өлкенің өзіндік биографы деп айтуға болады. Оның үздік шығармалары «Бұлбұл» («Соловей»), «Әуен» («Мелодия»), «Тынымсыз заман» («Беспокойная пора»), «Мақтан тұтарлық ұрпақ» («Гордое поколение») жинақтарына топтастырылды. Туындылары көптеген тілдерге аударылған», деді ақынның ескерткішінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Гүлзада Ниетқалиева.
Биіктігі 4.2 метр болатын қола мүсін қала орталығында биіктігі 4.5 метр 8 бұрышты гранит тұғырға орнатылды. Мүсінші - Мұрат Мансұров, композиция сәулетшісі - Серік Рүстембеков.
Дерек көзі: ҚазАқпарат