Кәсіпкер мұқтаж отбасына үй алып берді
2016 ж. 23 ақпан
2592
41
Алматылық кәсіпкер шымкенттік Елеуовтер жанұясына 4 бөлмелі сатып алып берді. Бұл отбасындағы бес баланың үшеуі церебральді салдану дертімен зардап шегеді. Бірінші наурызда жанұя қоныс тойын тойлайтын болды, деп хабарлады otyrar.kz порталынан.
Екі жыл бұрын Елеуовтер жанұясы Қазығұрт ауданынан Шымкентке көшкен. Қалада сапалы медициналық көмек алатынына үміттенген. Алайда олар үшін қалада өмір сүру қиын болды. Ақшаның көп бөлігі азық-түлік пен жалдамалы пәтер төлеміне кетіп отырды.
Отағасы Әлихан Елеуов өздігінше жүре алмайтын науқас балаларын тәрбиелеуді қолға алды. Сондықтан ол жұмыстан шығуға мәжбүр болды.
Жанұяның бастан-кешкені жазылған, оларға көмек көрсетуге үндеген материал жарияланған соң қазақстандықтар қарап қалмады. Біреулер ақша берсе, енді біреулері азық-түлік беріп жәрдемдесті. Ал алматылық кәсіпкер жанұяға пәтер сатып әперуді ұсынды.
Дерек көзі: ҚазАқпарат