Ішкі істер министрі: Бурылдағы оқиға - тұрмыстық қылмыс...
2016 ж. 18 ақпан
4104
0
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Жамбыл облысы Бурыл ауылындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір жағдай қалпына келтірілді. Меніңше, диаспоралар мен жергілікті билік түсіндіру жұмыстарын жүргізді, әкімдік пен құқық қорғау органдары шара қолданып жатыр. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды. Бізде ұлттық ұланымыз бар, ол күшейтілген нұсқаға өтті. Күдіктіге күзет қойылды. Бүгін оны қамау туралы мәселе шешіледі. (...) Барлығы бақылауда, ол жақта ешқандай да режим енгізген жоқпыз", - деп хабарлады ІІМ басшысы.
Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қызметінің күшейтілген нұсқасының қашан алып тасталатыны жайлы сұраққа Қасымов 1-2 күннің ішінде екенін айтты. "Меніңше, бұл жеткілікті", - деп түсіндірді министр.
"Бұл тұрмыстық қылмыс, меніңше. Қылмыскер кінәсін мойындап отыр, барлық сараптаманы өткізгенде тергеу қиын болмайды деп ойлаймын, біз істі сотқа жылдам жібереміз", - деді ол.
Министр бұл жағдайда ұлттық араздықтың жоқтығын атап өтті. "Оның үстіне бұл осы істе жоқ. Мен осыны мәлімдеймін", - деп қорытындылады ІІМ басшысы.
Дерек көзі: tengrinews.kz