Қаскөйлікке барған қарақшылар
2010 ж. 08 желтоқсан
1354
0
Жуырда Ақтөбе қаласының іргесіндегі Жаңақоныс елді мекенінде тұратын жергілікті кәсіпкер Тұрар Амантаевтың үйіне бетперде киген қаскөйлер баса көктеп кіріп кетті. Кәсіпкердің өзі мен оның жұбайын азаптап, ақша талап еткен. Қазіргі таңда қарақшылар қолды қылған мүлік пен ақша көлемі есептеліп жатыр. Зардап шеккен кәсіпкер болса, облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінде ем қабылдауда. Ал денесін күйік шалған жұбайы үйінде емделуде. Облыстық Ішкі Істер департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, қарақшыларды іздестіру үстінде.
Үйде ешкім болмаса бір сәрі, үй иелерінің көзінше мұндай қаскөйлікке барған қарақшылар өз жазасын тартуға тиісті.
Дайындаған Гүлмира САДЫҚОВА