МИНИСТРЛІКТІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ ПАРА ҰСЫНҒАН КӘСІПКЕРДІ ҚУЫП ШЫҚТЫ...
2016 ж. 14 ақпан
2470
5
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫНА ТЕНДЕРДЕГІ ЖЕҢІС ҮШІН 40-50 ПАЙЫЗ «СЫБАҒА» ҰСЫНЫЛҒАН
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниевке бір белгілі кәсіпкер министрлік оның қызметтеріне жүгінсе, қызмет құнының 40-50 пайызын беретінін айтып ұсыныс жасаған. Бұл туралы шенеуніктің өзі «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жариялады.
«40-50 пайыз. Елге танымал бір азамат біздің министрлік оның компаниясының қызметтерін пайдалануға көмектессем қызметтің жалпы құнынан осынша «сыбаға» беретінін айтты. Оған жауап ретінде кабинетімнен қуып шыққаныма қатты таң қалды. Енді онымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро айналысатын болады», - деп жазған Арман Евниев жазасыз кетемін деп ойлайтын әлгіндей адамдарға қатты ашулы екенін айтады.
«Бұл жағдайға ешқандай да қуаныш сезімімнің жоқ екенін түсіндіріп жату артық болар. Керісінше, осындай ойына келгенді істеуге және сол үшін жауапқа тартылмай кететініне сенетін адамдардың қылығы ызамды келтіреді. Екінші жағынан қаңғыбас қайыршыларды аяғандай аяушылық туғызады. Тек қайыршы ғана бір тілім нан үшін кез-келген жұмысты істеуге бар. Ал, мына кісілер еш ойланбастан өздерінің аттарына кір келтіруде. Бірақ, мен әрбір мемлекеттік қызметші өз сөздерін нақты іспен дәлелдесе, біз арамыздағы осы қасіретті жеңетінімізге сенемін», - дейді ол.
"Қамшы"