Бірді-екілі порталдардан басқа сайттар, сіздер мусровозсыздар!
2016 ж. 08 ақпан
2924
0
Аш-жалаңаш порталдар
Күн сайын бір сайт ашылады. Ақпарат кеңістігіміз күн сайын бір порталмен толығады. Осыған орай кеңістігіміз жақсы дүниелермен толығу керек еді. Бірақ, олай болмай тұр. Құнды дүние жоқ. Бәрі сол Жәмилә жеңешемнің айналасында. Жұмакүл апамның деңгейінде. Тұнған өсек. Әлдеқандай жұлдыз жел шығарып қойса жеті минутта жетпіс жеті сайтта жарияланады. Бірінен-бірі көшіреді. Әріптестеріміз кезінде әншілер мен актерларға күлуші еді. Күлетін-ақ жөні бар еді. Енді керісінше актерлар мен әншілер жұрналшы қауымға күлсе болады. Күлетін-ақ жөні бар. Жазатынымыз мынау. Ізтуған ішіпті, Тұрсекең тышыпты, Құрағаң қысыпты. Не ал? Бір танымдық дүние жоқ. Ылғи санаңды ластайтын, жаныңды былғайтын, көңіліңді кірлететін ақпарат. Осында отырған жұрттың көбі де сол. Лас дүниені таратуға, жариялауға асық тұрады. Не деген екіжүзді адам деймін. «Мынау не сұмдық» деп жанашыр кейіппен бір сөйлем жазып, сол сұмдықты жариялап жатады. Шынымен жаның ашыса сол дүниенің жарияланбай, сол жерде қалуына себеп болсаңшы деймін. Төрт-бес жылдан бері менімен дос болып жүрген адамдар айтыңыздаршы, менің парақшамнан сондай бір нәрсе көрген кезіңіз бар ма? Біреудің абыройын төмендететін, біреудің шалыс басқан сәтін көбейткен, таратқан, жариялаған сәтім бар ма? Жоқ деп айта аламын. Өйткені мен олай еткен жоқпын. Маған не үшін керек ол? Өйткені мен құлап жатып сүрінгенге күлетіндердің қатарынан табылғым келмейді. Мысалға үш апа сыра ішіп отырған суретті таратпаған адам жоқ. Жә, ол апалардікі дұрыс емес. Бірақ, соны таратқанда ел не тапты? Біреудің апасының абыройсыздығын жариялағанда өзінің апасының абыройы көтерілді ма? Жоқ. Онда неге? Сол баяғы қатындық, өсекшілдік. Танымалдылығы төмендеп, бірте-бірте ұмытылыңқырап бара жатқан Бауыржан Ибрагимовты бір түнде қайтадан жұлдыз қылған да осы бір өсекке құмарлығымыз. Айналайындар-ау, Европада тұрып жатқан жоқпыз ғой. Боқтаса не бопты. Онсызда боқ қоғамда өмір сүріп жатқан жоқпыз ба? Соны түсіріп отырған жігіт, жігіт болса соткасын қосып, үнсіз видеоға түсіріп отырғанша, Бауыржанға барып, аузыңа ие бол деп неге айтпайды. Жәрайды, қыз дейік. Сол қыз түсіріп ватсаппен досына таратқан екен. Оны неге біздің парталдар шуылдатып ала жөнелді. Шын мәніне келгенде біздің осы бір интернет сайттардың барлығы урна болды. Қоқыс жәшігі. Егер сіз өзіңізді рухани бомжбын деп санамасаңыз, ондай қоқыс жәшіктерінен аулағырақ жүріңіз... Кір нәрсе жұққыш келеді. Қайтесіз бекерге кірлеп. Онанда гуглға Әсия Бағдаулетқызы деп теріп, сол не жазса да оқи отырыңыз. Ал, бірді-екілі аты мен заты бар порталдардан басқа сайттардың редакторлары сіздер мусровозсыздар! Жете ме?
Бейбіт Сарыбайдың жеке парақшасынан
qazaquni.kz