Енді ешкімге де "жұмыссыз" деген анықтама берілмейді
2016 ж. 05 ақпан
2435
1
Әлеуметтік даму министрлігі бұдан-былай «жұмыссыз» мәртебесін кез-келген адамға беруден бас тартты деп хабарлайды КТК арнасы.
Осыған дейін азаматтар жұмыссыз ретінде бірден тіреуге алынып, мемлекеттен жәрдемақы төленетін. Енді заңға енгізілген өзгеріс бойынша, тұрғындар «жұмыс іздеуші» ретінде есепке қойылады. Сөйтіп, облыс, қала мен аудандардағы шенеуніктер көмек сұрай келгендерге 10 күн ішінде ұсыныс жасап, жаңа кәсіп табуға қарайласуы міндет.
Егер адам екі қолға бір күректі өзі де іздемей, табылғанды місе тұтпаса оған «жұмыссыз» деген анықтама берілмейді. Яғни, үкіметтің жәрдемақысынан қағылады. Тек нарықтан лайықты кәсіп таба алмағанын растай алғандар, тіркеуге алынады екен.
Жалпы, Әлеуметтік даму министрлігі енді Еуропалық тәжірбиеге сүйене отырып, жұмыссыздардың картасын жасамақшы. Осылайша, жер-жерде сенделіп бос жүргендер туралы нақты ақпаратты біліп отырмақ.
Дереккөз: КТК арнасы