Бердібек Сапарбаев еліміздегі қытай азаматтарға мемлекеттік тілді үйренуді міндеттеді
2016 ж. 28 қаңтар
5109
17
«Ұлы қорған» ЖШС жұмысшыларымен кездесу кезінде қытайлық компания аудармашысы Ақтөбе облысы әкімі Бердікбек Сапарбаевтың сөзін қазақшадан аудара алмаған, деп хабарлайды nur.kz
Аудармашы «Мен қытай азаматшасымын. Қазақстанда орыс тілі кең тараған. Ал, қазақша білмеймін», - деп ақталған. Аталған компанияның бас директоры Чжань Цзюнь тек қытай тілін ғана біледі екен.
Қазақстанда жұмыс істейтін қытай компаниясындағы тілдік жағдайды көрген Сапарбаев: «Қазақстан да тұратын әрбір шетел азаматы қазақ тілін – мемлекеттік тілді білуі міндет екенін ескертіп: Мәселен, Қытайда тұратын қазақстандықтар қытай тілін біледі. АҚШ-та тұратын қытай азаматы ағылшын тілін біледі. Жұмыс істеп, өмір сүріп жатқан елді және оның заңдарын құрметтеу керек. Сіздің аудармашыңыз да, өзіңіз де қазақ тілін үйреніңіздер», - деп ескертті.
Дереккөз: Нұр.кз