Маңғыстау облысы Дәулет ауылына жаңа су құбыры тартылды
2015 ж. 19 қараша
2139
0
Мұнайлы ауданы Дәулет ауылында ауызсуға арналған резервуар пайдалануға беріліп, ауылішілік су құбыры тартылды. Аталмыш нысанның құрылысы 2011-2020 жылдарға арналған “Ақбұлақ” мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бұл мақсаттарға республикалық және жергілікті бюджеттен 1 млрд. 50 млн. теңгеден астам қаражат бағытталған болатын, - деп хабарлайды Маңғыстау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
- Бүгін біз Дәулет ауылының барлық тұрғындары үшін маңызды оқиғаның куәгері болып отырсмыз. Ауызсуды сақтауға арналған резервуар пайдалануға беріліп отыр. Ұзындығы 55,6 шақырым болатын ауылішілік су құбыры мен таза суға арналған 2 резервуардың құрылысы аяқталды. Су резервуары ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ете отырып, Дәулет ауылын тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымдармен жалғастырды. Мұнайлы ауылы тұрғындарын ауызсумен толықтай қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылады. Қазіргі таңда қалған ауылдарды сумен қамту желілері құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасымен жұмыс аяқталуға жақын, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
- Біз ауылға судың тартылғанына қуаныштымыз. Бұрында су тасушы суды үйге әкелген болса, енді біз суды шүмектен ағызып алып ішу мүмкіндігіне ие болдық. Біздің ауданымыз күннен күнге өсіп, гүлденіп келеді. Балабақшалар, мектептер ашылып, тұрғын үйлер, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары салынуда. Аудан 2007 жылы ұйымдастырылғанымен, біз осы қысқа мерзімде көп жетістіктерге қол жеткіздік, - деді Мұнайлы ауданы Дәулет ауылының тұрғыны Сатыбалды Сайынов.
qazaquni.kz