Ғалымдар жасанды интеллект ойлап тапты

Массачусет технологиялық институтының ғалымдары адам түйсігінен  басым түсетін  жасанды интеллект ойлап тапты.

интеллект «Біздің құрылғы адамды ауыстыру үшін емес, керісінше, оның парасатын толықтыру үшін жасалды. Мысалы, оны ғалымдарда көп  жинақталып қалған деректерді өңдеу үшін пайдалануға болады», – деді жасанды құрылғыны әзірлеушілердің бірі Макс Кантер. Мамандардың айтуынша, ғалымдардың бір ай уақыт жұмсайтын ақпаратын осы жүйе арқылы 8-12 сағатта талдап шығуға болады. Мұндай жүйе алдағы уақытта мамандарға тәжірибе қорытындылары мен экономикалық болжамдардың ең маңызды өзгерістерін таңдауға жәрдемдеседі. Сондай-ақ ғалымдарды  барынша қызықты  зерттеу жүргізуге бағыттайды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Дереккөз: ИА "Казинформ"