ИПОТЕКАЛЫҚ ҚАРЫЗЫ ҮШІН ЕШКІМ ДАЛАДА ҚАЛМАУЫ КЕРЕК
2015 ж. 19 қазан
1845
1
«Егер де адам ипотеканы төлей алмай қалса, біз оны балаларымен бірге далаға тастамауымыз керек, бұл біздің азаматтар емес пе?!» – «Ақ жол» партиясында «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында А.Перуашев осылай мәлімдеді.
Бұрынғы болған жағдайды еске түсірейік. 2013 жылдың желтоқсан айында «Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасын қарау барысында «Ақ жол» демократиялық партиясының жетекшісі оған жеке тұлғалардың банкроттығы тәртібіне қатысты бөлімді қосуды ұсынды.
«Бұл тәртіпті енгізу дағдарыс нәтижесінде түрлі себептермен қатты ауырып немесе өзінің мүмкіндіктерін есептей алмай қалып, банк алдындағы қарыздарын төлей алмайтын адамдардың бишара болып кетуіне жол бермес еді.
Мұндай азаматтардан кепілдікте тұрған тұрғын үйін, басқа да мүлікті және табысын алған кезде, ең болмағанда, аздаған әлеуметтік жағдайын: қандай да болсын баспана, жатақханадан бөлме, балаларын тамақпен қамтамасыз ету қажет. Бұған осындай борышкерлерді банкрот деп заңды түрде мойындау арқылы жетуге болады.
Егер де ата-аналар қателессе және кінәлі болса, олардың балалары мен қарияларын далада тоңдырып, аш қалдыруға болмайды ғой? Бұл біздің азаматтар, біздің адамдар» - деп 2013 жылы сөз сөйлеген кезде атап өткен Азат Перуашев.
Өкінішке орай, сол кезде мемлекеттік органдар жеке тұлғалардың банкроттығын енгізуден бас тартты, соған байланысты «Ақ жол» ҚДП фракциясы үкіметтік заң жобасын қолдаған жоқ және тиісті заңға өздігінен бастамашылық ете алатынына дайын екені туралы мәлімдеген-ді.
2014 жылы «Ақ жол» демократиялық партиясы фракцияның депутаттары «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасының әзірленуі мен Мәжілістің жұмыс жоспарына енгізуіне қол жеткізді, соның негізінде Парламенттің Шаруашылық Басқармасы оны дайындау үшін заң компаниясын жалға алды.
Жуырда «Ақ жол» партиясының орталық кеңсесінде, жобаның бастамашысы ретінде, құжаттың бірінші таныстырылымы өтті. Отырысқа қаржылық сектордың өкілдері, үлескерлердің қоғамдық бірлестіктердің бірқатары, конкурстық басқарушылардың қауымдастықтары, әділет министрлігінің сот орындаушылары департаментінің басшылығы, «Ақ жол» партиясынан Мәжіліс депутаттары келді. Бейнебайланыс конференциясы режімінде пікірталасқа «Ақ жол» филиалдарынан жиналған Алматыдан, Петропавлден, Ақтөбеден және Ақтаудан жекелген азаматтар мен ұйымдар қатысты.
Талқылау барысында жобаны пысықтау бойынша бірқатар елеулі ескертпелер айтылды. Мәселен, банкроттық, банк қызметі, тұрғын үй қатынастары және т.б. салаларда қолданыстағы заңнамамен жоба нормаларын қалыптастыру қажеттілігі көрсетілді. Жеке кәсіпкерлер болып табылатын, жеке тұлғалардың банкроттық процедурасын айрықша бөлім арқылы көрсету ұсынылды. Жалған банкроттықтың алдын алу процедураларымен қатар, қарыз беруші тарапынан қарыз алу шарттарының кіріптарлыққа ұшырататын жағдайлар арқылы банкроттыққа қасақана жеткізуді болдырмау жөнінде нормаларды енгізу бастамасы айтылды. Сондай-ақ конкурстық басқарушылардың, несие берушілердің кеңесінің, қаржылық әкімгерлердің және сот орындаушыларының жеке тұлғалардың банкроттық процедураларында, олардың әрекеттерінің азаматтардың конституциялық құқығын бұзбауын заңдық тұрғыдан реттеу мәселелері талқыланды.
«Ақ жол» төрағасы атап кеткендей, заң жобасы ақжолдықтар депутаттық бастама ретінде тек осы маңызды және қиын мәселелерді шешкен кезде ғана енгізіледі. Дөңгелек үстел аяқталысымен, фракция депутаттары кездесуге келген ондаған ипотекашылармен әңгімелесіп, қабылдау жүргізді.
"Ақ жол" партиясы баспасөз қызметі
"Қазақ үні" газеті