АҚШ долларының құны 270,11 теңге болды
2015 ж. 17 қыркүйек
2103
1
Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 24 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 270,11 теңгені (-13,87 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 233 500 (+144 250 мың USD) мың АҚШ долларын құрады.
Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ, орташа сараланған бағамы бір юаньға 42,1600 теңгені құрады, ұсыным - бір юаньға - 42,1900 теңгені құрады. Осы хабарламада аталған трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.
Дереккөз: Қазақпарат