Парадокс: халық 40 теңгеге нан ала алмайды, Ұлттық банк төрағасы 40 мың долларға сағат алады

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетовтің қолынан танымал швейцариялық Patek Philippe маркасына тиесілі құны $43 мыңдық сағатты байқап қалған.

collage

Фото facebook.com

«Қайрат Нематұлының сағатының бауына қарағанада, бұл Patek Philippe. Сұрақ: бұл сағат қымбат па?», – деп мамандарға сауал тастады Alibek Zhumagul есімді пайдаланушы өз Facebook парақшасында.

Ол фотоларды жазбасына қоса тіркеген: сағатын анық байқауға болатын Келімбетовтің фотосы және банкирдікіне ұқсас Patek Philippe маркасының сағаты. Мұндай сағат $42,995 тұрады.

11928725_891330524271194_8490296690650779775_n

Пайдаланушылар Келімбетовтің қымбат сағатына қатысты әзілдерін де жаудырып үлгерген.

“Алматының Пассажында 9999 теңге. 3 жылға кепілдігі бар. Жапондық механизм”, – деп жазған Рүстем Ғалиев.

Patek Philippe S.A. (Пате́к Фили́пп) — “люкс” санатындағы сағаттар жасап шығаратын швейцариялық компания. 1839 жылы эмигрант Антонио Патек пен француз сағатшысы Адриан Филип негізін қалаған.

Бұл марканың сағаттары әлемдегі ең қымбат сағаттар қатарында. Фирманың белгісі – испаниялық Калатрава орденінің кресі; дәл осы Calatrava атауымен модельдің алғашқы түрі шығарылады ($10 мыңнан бастап).

Еске салсақ, жақында интернет Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Дмитрий Песковтың $620 мың тұратын қымбат сағатын қызу талқыға алған болатын.

Дереккөз: NUR.KZ