Әзірбайжан мен Қазақстан арасын жалғайтын көпір салынады
2015 ж. 17 тамыз
2148
1
Жуырда Әзірбайжан мен Қазақстан арасын жалғайтын көпірдің құрылыс жұмыстары басталмақ. Қытай жаңа құрылысты бастауға ниетті екендіктерін білдірген деп хабарлайды Алматы телеарнасы “Іскерлер уақыты” бағдарламасы.
Қазірдің өзінде аспан асты елі Қазақстан мен Әзірбайжанды байланыстыратын, Каспий теңізін басып өтетін көпір құрылысына дайындықты бастап кеткен.
Бүгінде құрлықтық трансмагистраль арқылы Қытайдан Еуроодаққа өтетін жүк тасымалы теңіз жолынан 100 есе аз көрінеді. Тіпті, Қытайдан Ресейге өтетін тауарлар да теңіз жолы арқылы жөнелтіліп жатыр.
Негізгі логистикалық инвестициялар да «Бирмин дәлізінің» көмегімен жүргізіледі. Санаққа жүгінсек, Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 17 миллиард доллардан асып жығылады.
“Әрине, қаржы дағдарысынан құтылдық деп айта алмаймыз. Әлі жалғасуда. Десек те Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасында 17 миллиард доллардың тауары айналған. Бұл үлкен жетістік деп білемін. Осындай қарқынмен қос мемлекет басшыларының жүктеген тапсырмасы орындалады, яғни тауар айналымы көрсеткіші 40 миллиард долларға жететін болады”, – деді Алматы қласы ҚХР Бас консулы Чжан Вэй.
Қытай дипломатының айтуынша, бастама арқылы инфрақұрылымды дамыту көзделуде. Әсіресе, Қазақстаннан Қытайдың Ляньюньгань, Үрімші және Ланьчжоу қалаларын байланыстыратын темір жолды төсеу жоспарланып отыр.