Қазақстанның мектеп бағдарламасына «Мәңгілік ел» пәні енгізілуі мүмкін
2015 ж. 13 тамыз
3401
3
Қазақстандағы мектептердің бағдарламасына «Мәңгілік ел» пәнін енгізіп, «қоғамдық келісім» ұғымын заңды түрде бекіту мәселесі Астанада қарастырылып жатыр деп мәлімдеді Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылық секторының меңгерушісі Назипа Шанаи.
Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
«Білім министрлігі жұмысты бастап кетті. Реформалар барысында өлкетану мен «Мәңгілік ел» идеясы аясында пәндерді енгізу ұсынылуда. Бұл пән мектеп бағдарламасына қосылған жағдайда, неше сағат өткізіледі деген мәселелер қарастырылуда. Бәлкім мектепке емес, жоғары оқу орындарына енгізіледі. Десек те бұл мәселенің қарастырылып жатқаны анық. Мақсат қойылды», — дейді Назипа Шанаи.
Еске салақ, бұған дейін президент Нұрсұлтан Назарбаев «Мәңгілік Ел» идеясын мектептерге пән ретінде енгізу ұсынысын жасаған болатын.
Мектептердің оқу бағдарламасына бүкілқазақстандық «Мәңгілік Ел» идеясын енгізу қажет«Бұл екінші Конституция секілді екенін түсінуіміз керек. Мектептердің оқу бағдарламасына бүкілқазақстандық «Мәңгілік Ел» идеясын енгізу қажет», — деді президент «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде.
Назипа Шанаи, сонымен қатар «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы заңға өзгерістер енгізу қажет деп санайды. Себебі, ҚХА-ны 1995 жылы құру кезінде оның басты мақсаты этноаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды теңестіру болатын. Ал бүгінгі күнгі даму сатысында бұл мақсат айтарлықтай маңызды емес.
Бүгін Қазақстанда этноаралық және конфессияаралық қарым-қатынастар тұрғысынан ешқандай мәселе қалмады«Бүгін Қазақстанда этноаралық және конфессияаралық қарым-қатынастар тұрғысынан ешқандай мәселе қалмады. Сол себепті ҚХА-ның бүгінгі басты мақсаты — қоғамдық келісім болып отыр. Бұл кең ұғым. Оның аясына этноаралық және конфессияаралық қарым-қатынастармен қоса, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық келісімі, халықаралық конвенцияларға сай білім алудан бастап, барлық құқықтар кіреді. Сол себепті ҚХА туралы заңға өзгеріс енгізу кезінде бірінші кезекке ұғымды енгізу қойылмақ», — дейді Назипа Шанаи.
«Мәдениет және спорт министрлігі заңнамаға өзгерістер енгізуді ойластырып жатыр. Өзгерістерді қарастыру парламенттің жаңа сессиясы бастала салысымен қолға алынады», — деп түйіндеді Шанаи.