ҚАДІР ТҮНІ ҚАДІРІҢ АРТА БЕРСІН!
2015 ж. 13 шілде
2737
8
ҚАДІР ТҮНІ ҚАДІРІҢ АРТА БЕРСІН!
Тіл қайраткері Руза Бейсенбайтегіне
Руза қыз туылған қазақ үшін,
Айқасуда, аз емес азабы шын...
Бишікешті орысқұл билетеді,
Арнап тілге білім мен таза күшін!
Күресуде Руза Қазақ үшін!
Жігерің бар барлығын жеңетұғын,
Қабыл болсын Қадыр түн көп өтінім.
Оразаға туған күн тура келді,
Ширек ғасыр сайын бір келетұғын!..
Керекудің керемет бір қызысың,
Оңға бассын деп тілеп жүрміз ісің.
Атын жазып қойсақ та Атазаңға,
Аталмайтын тілімнің жұлдызысың!..
Шенеунікпен жүреді алысып әр,
«Сотқар» қызды соттардың бәрі сынар...
Ұлттық мүдде жолында ұлық түгіл,
Трамвайды тоқтатқан намысы бар!..
Ұлт жолында дамылсыз дара күшің,
Жүрсің тілдің қайтарып бар ақысын.
Әкімдерің алады ұялмай-ақ,
Сен істеген істердің жалақысын...
Ел мен тілдің намысы – бір мағына!
Аман-есен еліңнің жүр бағына.
Лайықсың Руза жырға мына-
Тілді қорғау орнына қорлап жүрген,
Министрлер тұрмайды тырнағыңа!..
Тазкепешін биліктің тар көрерсің!
Тарландықпен тауға да тарта бер шын!
Қадір түні қадірлім мерейлі боп,
Қазақ үшін қадірің арта берсін!
Қазыбек ИСА
13.07.2015
qazaquni.kz