«Гелендваген» мінген бай баласы тарауық намазынан қайтып келе жатқан жігітті басып өлтірді
2015 ж. 08 шілде
6477
6
Астанада «Гелендваген» мінген тағы бір бай баласы адам басып өлтірді. Тарауық намазынан кейін үйіне жаяу қайтып келе жатқан жігіт жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Жүргізушінің жазадан сытылып кетерінен секем алған оқиға куәгерлері полициямен жаға жыртыса жаздады.
Себебі 20 жастағы жігітті қағып өлтірген «Гелендвагенің» нөмірі аяқасты жоқ боп кетіпті. Бұған шамданған марқұмның туыстары мен оқиға куәгерлері шу шығарып, полицияға нөмірді қайта таққызды.
Әділдікті талап еткен адамдардың ашуынан секем алған тәртіп сақшылары қосымша күш тартып, көшені жабуға мәжбүр болды.
Куәгерлердің айтуынша, қымбат «Гелендвагеннің» 20 жасар жүргізушісі, марқұмды жаяу жүргіншілер жолағында қағып, қылмысын жасыру үшін жол ортасына сүйреп әкелген.
Ішкі Істер департаменті, ажал құшқан жігіт жолды белгіленбеген жерден кесіп өтті дейді. Кейін ағайын-туыс бауырларының денесін мәйітханаға бермейміз деп қиғылық салған.
Дереккөз: КТК арнасы