Астанада Қайрат Жамалиевтің сыбайласы саналған күдікті ұсталды
2015 ж. 16 маусым
2944
1
Астаналық полицейлер аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті танылып, мемлекетаралық іздеуде болған 1980 жылғы Арман Әбілтаевты құрықтады.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізу қызметкерлері мен елордалық ІІД-нің «Арлан» арнайы бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуымен болған жедел-іздеу шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті деп танылған Арман Әбілтаев ұсталды деп хабарлады Kazinform.kz.
Астана қаласы полициясының ақпаратына сәйкес, қылмыстық қудалаудан ізін жасырған Әбілтаев сыртқы келбетін айтарлықтай өзгерткен.
Ұсталған азамат Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін сот Арман Әбілтаевті қамауға алу шешімін шығарған болатын.
Астанадағы №2 адуандық соты Қылмыстық кодекстің 194 бабы 4 бөлімі 2 пункті бойынша күдікті деп саналған Арман Әбілтаевті қамауға алу өтінішін қарастырды. Әбілтаев зардап шегуші Әліби Жұмағұловты бопсалап, мүлкін тартып алды деп айыпталып, іздеуге жарияланған болатын.
Сот күдіктіні екі ай қамауда ұстау шешімін қабылдады.
Күдікті ұсталмас бұрын Әліби Жұмағұловтың қорғаушысы Хамида Айтқалиева өз Facebook парақшасында Әбілтаевтің емін-еркін бостандықта туған күнін тойлатып жүрген видеосын жария еткен болатын. Айтқалиеваның сөзіне сенсек, видео ағымдағы жылдың 15 мамырында түсірілген.
Источник: Nur.kz