Барак Обаманың әжесі қажылық парызын өтеді
2015 ж. 28 сәуір
2103
1
АҚШ-тың президенті Барак Обаманың әжесі Сара Омар қасиетті Меккеге келіп, кіші қажылық рәсімдерін орындауға кірісті.
Бұл туралы muslim.kz хабарлады.
Бүгінде жасы 90-ға келген қарт әжелерін ұлы Саид пен немересі Мұса Обама алып жүрді.
Айта кетейік, Барак Обаманың өзі христиан дінін ұстанады. Сондай-ақ, ол өз әкесінің мұсылман дінін қатты тұтынбағандығын айтады.
Дегенмен, оның Кенияда тұратын туысқандары Ислам дінін ұстанатын көрінеді.
Дереккөз: Егемен Қазақстан