АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей премьер-министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Борис Немцовтың Мәскеудің орталығында қастықпен өлтірілуін естігенде қатты қапаланғанын мәлім етті.
Джон Керри саясаткер Борис Немцовтың өлтірілгенін естігенде көңілі түскенін айтып, Ресей Федерациясының билігін бұл қылмысты тергеуге шақырды.
“Ресей премьер-министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Борис Немцовтың Мәскеу орталығында қастықпен өлтірілгені туралы естігенде қатты қапаландым. Борис Немцов бүкіл ғұмырын одан да демократиялы, гүлденген, ашық Ресейдің құрылуына, Ресей және оның АҚШ-ты қоса алғанда, басқа да елдермен арасындағы берік қарым-қатынастардың орнатылуына арнаған”, – деп мәлім етті Керри.
“АҚШ Ресейдің билік көздерін бұл қылмысты тергеп, оған кінәлі адамдардың жауапқа тарту бойынша жедел әрекеттер жасауға шақырады”, – деді ол.
Сондай-ақ Керри Ресей халқына, қастандық құрбаны болған саясаткердің отбасы мен достарына көңіл айтты.
Еске сала кетсек,
Мәскеу қаласында белгілі Ресей саясаткері Борис Немцовты атып кеткен еді.
Немцовтың өлтірілуіне байланысты Ресей тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин.
Атап айтқанда, “кісі өлтіру” және “заңсыз қару айналымы” баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Алдын ала мәліметтер бойынша Борис Немцов Үлкен Мәскеу көпірімен жүріп келе жатқанында белгісіз қаскөй оған қарай 7-8 рет оқ атқан”, – деді Маркин.
Немцовқа қастандық жасалған сәтте оның жанында бір бойжеткен болған, тергеушілер қазіргі сәтте одан жауап алуда.
Ал
Путин Немцовтың тапсырыспен өлтірілгенін айтқан болатын.