Автокресло туралы талап әлемдік автоөндірушілердің нұсқауларына қайшы келеді
2015 ж. 30 қаңтар
2910
1
Азат Перуашев: Балалар автокреслолары туралы жол полициясы басшылығының талаптары әлемдік автоөндірушілердің нұсқауларына тікелей қайшы келеді
(А.Перуашевтің журналист Михаил Козачковтың сұрақтарына жауаптары)
Автокресло – бұл жылдың басындағы №1 тақырып. Парламентте бұл тақырыпты «Ақ жол» партиясы өткір көтерді, үкіметке тиісті сауалдар ұйымдастыра отырып, ал өткен жұмада - блогерлер және ІІМ басшылығының қатысуымен ашық тыңдау өткізді. Бірақ полицейлерден алған түсініктемелерден, жағдай тек шиеленісіп кетті: заң қабылданған сияқты, бірақ ІІМ, оны орындамауы да мүмкін екен; талаптар бірыңғай сияқты, бірақ, кейбір автокөліктерге олар тарамайды...
Сіз өзіңіз, депутат және фракция жетекшісі ретінде, автокреслоларға қатысты мәселелердің басын аша алдыңыз ба?
- Мәселенің басын аштық, бірақ одан тек көңілімізге қаяу түсті. Біздің тыңдауымыздағы ІІМ өкілдерінің жауаптарына қарағанда, балалар автокреслоларын қолдану туралы жол полициясының талаптары қазіргі кезде орындалмайды және заңсыз.
Жол полициясы және техникалық реттеу комитеті әлі күнге дейін балаларды ұстайтын құрылғылар және автокреслолар үшін техникалық регламент әзірлемегені анықталды.
Бұдан басқа, ашық қалған сұрақ - нақты не мұндай құрылғы болып саналады және ол қандай талаптарға сәйкес болу тиіс? Оның үстіне, егер әңгіме жол оқиғалары және апаттық жағдайлардағы адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті жағдайларда іске қосылатын құрылғылар туралы болып отырса.
- Жалпы бұл норма істеп аяқталмағандай көрінеді. Мысалға, кресло ғана емес, түрлі белбеу қаптамаларын, бустерлерді және т.б. қолдануға болатыны көрсетілген. Бірақ бұл жағдайда да түсініксіз жай бар, оның тиімділігін қалай анықтау керек. Біздің отандастарымыздың тек полицияның тиіспеу үшін ғана, керектен гөрі арзанын сатып алатын болып шықпай ма?
- Әңгіме де осы жайлы ғой. Ғаламторда автокреслолар деп отырғышқа қойылған балалар шаналарын, бүктелген көрпешелермен, поролоннан жасалған жастықтары және т.б санау туралы жүргізушілер ұсыныстары пайда болды. Ал жол полициясының басшылығы қандай тетіктердің балаларды ұстайтын құрылғылары (БҰҚ) екенін полицейлердің өздері анықтауға құқығы бар деп санайды. Бірақ мұндай көзқарас бопсалаушылық үшін кең жол ашады, тіпті дұрыс құрылғың болса да, тексерушілерде оны бұлай емес деп тануға мүмкіндік әкеледі.
Екіншіден, әркімнің еркімен жасалған құрылымдар мен материалдардан жасалған құрылғылар - балаларды құтқара алмайды, керісінше, қауіп төндіреді. Баспасөзде сарапшылардың ескертулері де шықты – «Автокөлікте автокресломен жүру кезінде, ... егер де ол мүлдем түймеленбеген жағдайға қарағанда, бала одан да үлкен қауіпке ұшырауы мүмкін. ... Балаларыңызды қауіпке тікпеңіздер!». (http://www.kazpravda.kz/news/view/ob-opasnosti-detskih-avtokresel-predupredil-ekspert
- Сонда, жол полициясы көзқарасынша – құрылғыларды және креслоларды сатып алу және орналастыру талаптары бар; ал нақты не, сапасы қандай екені – бұның маңызы жоқ па? Және бұл істі кімнің аяқтамағанын көрсетеді – парламенттің бе, үкімет немесе полицияның?
- Өнімнің қауіпсіздігіне байланысты талаптар заңмен қойылмайды, техникалық регламент түріндегі заңға тәуелді актілермен белгіленеді, оның бекітуіне жауап беретін уәкілетті орган (мұнда – ІІМ) және Инвистиция министрлігінің техникалық реттеу Комитеті.
Техникалық регламенттер пайдаланушылар үшін ашық қолжетімділікте болуы керек, сонда ешқандай тексеруші өз жағынан қосып айту және жоқ талаптарды ойлап таппайды.
Алайда, «Ақ жолда» өткен тыңдау барысында, не ІІМ-нің басқарушы офицерлер, не олардың позициясын қызу қолдайтын сарапшылар - балаларды ұстайтын құрылғыларға (БҰҚ) және автокреслоларға байланысты ҚР техникалық регламентін атап кете алмады, бірақ халықаралық конвенцияларға үдете желеуретіп сілтемелер жасады, ал олар Еуропаның өзінде 2017 жылдан бастап қана күшіне енеді!
БҰҚ-ның техникалық талаптары туралы анық жауап берудің орнына, полиция қызметкерлері және олардың сарапшылары ЖКО-да қаза тапқан балалар жайлы айта берді және осындай бақытсыздықтардың алдын алғысы келмейді деп автоәуесқойларды кінәләді.
Менің көзқарасым бойынша, мұндай әдістер орынсыз. Бұл нақты әңгімеден кету және оны эмоциялармен ауыстыру.
Әңгіменің басында «Ақ жол» депутаттары аталған норманы принципті түрде қолдау туралы мәлімдеді, мәселен, 6 жасқа дейінгі балаларға. Алайда, жүргізушілерге нақты қандай БҰҚ-лар және оларды автокөлікке қалай орналастыру керек екенін анық түсіну қажет. Олай болмаған жағдайда, дүрлікпенің ушығып кетуі адамдармен күдікті құрылғыларды алуға әкеп соқтырады, олар керісінше, - ЖКО кезінде балалар тәуекелділіктерін ұлғайтады.
- Тағы бір жағдай – қазір елімізге Қытайдан ең арзан креслолар ағылып келуде. Олар қаншалықты қауіпсіз, неден жасалған, оларға қандай да бір сынаулар өткізілді ме – ешкім мұны білмейді. Бұл жағдай қалай да бір айтылды ма? Әлде көлікке не бір ашық түсті затты қойып, оған «автокресло» деп жазып қою жеткілікті ме?
- Бұл жол полициясының қазақстандық азаматтарға нарықта бар автокреслоларды жаппай сатып алуға қысым көрсету нәтижесі, ал бұл жиі кездесетін қытай өнімі.
Мәселе, оның жамандығында емес. Тек Қытай еуропалық стандарттарды және регламенттерді қолданбайды, оның қолданыста өзіндік ережелері бар. Мемлекеттік органдармен ара – тұра біздің техникалық регламенттеріміздің талаптарына сәйкес келмейтін қытай техникасын ҚР-да пайдалану туралы мәселе көтеріліп тұрады. Әрине, қытай автокреслолары қаншалықты қазақстандық, әсіресе еуропалық нормаларға сәйкес келетіндігіне күдік бар? Бірақ біз мұны не растай, не теріске шығара алмаймыз, өйткені, ІІМ және МТРК қауіпсіздік талаптар бекіткен жоқ, сонымен осы құрылғылар тексерілуі тиіс.
Қазір жүргізушілер мұндай креслолар алып жатса да, бір-екі жылдан кейін, регламенттер қабылданған кезде (бұл кез келген жағдайда істелуі тиіс), сол жол полицияларының өздері оларды заңсыз деп таниды және оны ауыстыруды талап ететін болады. Сонда қайтадан дүрлікпе басталады.
- ІІМ басшылығының аталмыш мәселені кейінге қалуы ЖКО-ғы балалар өлімін артуына әкеледі деген жауап берген мәлімдемелерімен не болмақ?
- Бұл ұғымды ауыстыру. «ЖКО автокреслолар болмағандықтан емес, жылдамдықты ұлғайтудан, көлікті мас күйінде жүргізуден және т.б. жағдайлардан болады. Бұл бағыттарда жол полициясы жұмысын күшейткен, әйтеуір мұндай статистика бар екен. Бірақ ЖКО санының және ауыртпалығының төмендеуінен, балалар жарақаттары да төмендейді, бұл анық жайт емес пе. Егерде, әрине, статистика адал болса. Егер де шындығында ЖКО-нан балалардың өлімінің «өсуі» болса, онда ең алдымен жол полициясының өзінің жеткілікті түрде қарамауынан, кейде Үсенов сияқты желікпелерді саусақ арасынан бақылауынан болады.
Жаңа құрбандардың «күрт көбеюі» кейінге қалдырудан болу мүмкін емес, өйткені ешкім мынадай – міндетті қауіпсіздік белбеулерін қолдану, балаларды алдыңғы отырғыштарға отырғызуға тыйым салу, және т.б. жол жүрісі Ережелерінің негізделген нормаларын елемеуді ұсынып отырған жоқ. Біз тек тыңғылықталмаған талаптар, олардың бұдан бұрын айтылғандай, өздері де балаларға қауіп төндіруі мүмкін екені туралы, сөз қозғап жатырмыз.
Бұл таласта анық ұқсас жағдайды айту сұранып тұр. Бір жыл бұрын, осы заңды талқылау кезінде, «Ақ жол» депутаттары жаңа автокөліктер үшін міндетті техникалық бақылауды жоюды ұсынды. Сол кезде де жол полициясы дәл осындай «қайсарлықпен» бұл жедел апатқа және жаппай құрбандарға әкеледі деп, жұрттың бәрін сендірмекші болған. Тура осылай, «тәуелсіз сарапшылар», колоритті Амантай-қажыға дейін, погонды адамдармен дауласуға батылдары жеткен депутаттарға «жуындылар» төгумен болды. Біз бұл картинаны бүгін автокреслолардың айналасындағы таластардан бақылап тұрмыз.
Бірақ өткен жылдың жаз айында мемлекет Басшысы техникалық бақылау түріндегі жаңа автолардың иелерін тонауды доғаруды талап етті – сонымен бүкіл таластар аяқталды, ешқандай коллапс болған жоқ. Есесіне бопсалаушылық және анықтамалардың өңін айналдыру тоқтатылды.
Сондықтан, біз, әрбір адам үшін ең қасиетті балаға деген сүйіспеншілік ізгі сезімдерді өз мақсатына пайдаланбауды, дұрысы проблеманы оның мәніне үңіліп талқылауды ұсынамыз.
- Ал, сіз қалайша, мұндай «мәселенің мәні бойынша әңгімені» құрай алдыңыз?
- Дәл солай емес. Біздің толып жатқан нақты сұрақтарымыз жауапсыз қалды, ал алынған жауаптар – жағдайды бұрынғыдан да шиеленістіре түсті.
Мысалы, «Ақ жол» депутаттары бала жасы бойынша ұстау құрылғылар градациясын алып тастап, тек салмағы бойынша ғана қалдыруды ұсынғанда, бізге Еуропада бұл ғана емес, тағы да қосымша – баланың бойы бойынша да градация бар және оның әрқайсысы 4 санатты құрайды деп мәлімдеді. Ал менің – бұл жағдайда әрбір таксиде мұндай құрылғылардың нешеуі болу керек, және оның бағасы таксопарктерге және олардың жолаушыларына қандай болмақ? – деген сұрағыма, - жауап болған жоқ. Өзіміз санап көрейік, таксиде 4 жолаушы орны бар, оның аз дегенде бір орнын үлкен адам алады, ал қалған үшеуіне керек бола қалған жағдайда БҰҚ-тың 4 түріде болу керек, сонда таксопарктегі әрбір автокөлікке 12 БҰҚ-тан келеді. Егер тағы бір градацияны (бойы бойынша) енгізсе, онда ол 12 емес, бүкіл БҰҚ-ның 48-ін бір көлікке қолдану керек.
Басқа да сұрақ жауапсыз қалды – бұл құрылғылардың көлемі қандай болады (не құрылымға, не материалдарға талаптар жоқ болғандықтан)? Бұның бәрін әдеттегі шағын литражды машинаның қай жеріне орналастырамыз?
Өңірлер блогерлері, ескі үлгідегі автокөліктер арнайы бекіткіштермен жабдықталмаған, ал мұндай автоларда «қолдан жасалған» құрылғыны орнату тек зақымдану қауіпін арттырады деп қынжылды. Бұл сұраққа ҚР ІІМ әкімшілік полициясы комитеті басқармасының бастығы К.Садуақасов күтпеген жерден жауап берді: «Балаларды ұстайтын құрылғыларды, құрылымымен қарастырылған көлік құралында қолдану керек деген пайымдауы түсінбестік туғызды. Егер қарастырылмаса (мұндай құрылғыларды ескі көліктерге пайдалану), онда мұндай көлік құралына талаптар қойылмайды». Сонымен бірге, ол «Мұндай көлік құралдарында балаларды тасымалдау қажет емес» деп мәлімдеді.
«Ұсынбалы сипаттағы сілтеме» түріндегі жауап жүргізушілерді алдамау керек. Болжауға тәуекелдік жасасам, жол полициясы міндетті түрде басшылықтың соңғы ескертпесін қару етіп алады: болмайды – яғни болмайды. Рұқсат етіледі, бірақ... белгілі бір жағдайларда ғана. Нақты қандай жағдайларда екенін, аңғарып көріңіз.
Кішігірім автокөлікте артқы орындарға 2-3 балалар креслосын орнатудың мүмкін еместігі туралы сұраққа ІІМ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының бастығы К.Сұлтанбаевтың жауабы одан да өткен мағынасыз болды. Сұлтанбаев мырза автокреслолар артқы орындарда орнатылмауы тиіс, тек алдыңғы орындарда орнатылуы керек екенін нық мәлімдеді(?!).
Жол полиция жетекшісі, жетекші әлемдік автоөндірушілер нұсқауларында, дәл сол қауіпсіздік түсінігі бойынша балалар креслоларын алдыңғы орындарда орналастыруға тікелей тыйым салатынын жайлы білмейтін сияқты! Өзіңіздің автокөлігіңіздегі инструкцияны парақтаңызшы.
Біздің ІІМ деген құрметіме қарамастан, мен олардан гөрі өздерінің өніміне тікелей жауапкершілікпен қарайтын автоконцерндерге көбірек сенемін.
Жол полициясы басшылығының түсіндірмелерінен, мынадай қорытындылар шықты:
а) ескі, кеңестік көліктерде балалар құрылғылары және автокреслолар керек емес;
б) заманға сай шетел маркілі автокөліктерге автокреслолар керек, бірақ оларды біздің ІІМ орнату керек деп ұйғарады, олар сіздің балаңыз үшін қауіпті.
в) Бірақ, тұтастай алғанда, бұл норма міндетті және сол үшін жазалайды.
Өкінішке орай, мен бұның бәрін «мәселенің мағынасына үңілу» деп айта алмаймын. Бұл біздің жол полициясының біліктілік деңгейінің көрнекті иллюстрациясы сияқты және сол үшін біз өз қалтамыздан төлейтін боламыз.
- Бірақ мұндай заңдарды ойланбастан қабылдайды деген сияқты кінәрат-талаптар - «Ақ жол» депутаттарының атына да айтылып жатыр?
- Дәл «Ақ жол» депутаттары, жұмыс тобында заңды талқылау кезінде бұл норманы қолдануда балалардың жасын 7- ге дейін шектеуді ұсынды. Мұны стенограммадан табуға болады. Бірақ, әріптестердің көбі үкіметтік ұсыныстарды қолдады. Пленарлық отырыста заң тұтастай қаралды, онда жол ахуалын жақсартуға бағытталған, жеткілікті көп шешімдер болды – жылдамдықты шектеу шаралары, жол жүрісі ережелерін бұзған үшін жауапкершілікті күшейту және т.б. Осындай шараларды қабылдауды созу адамдарды жоғалтуға әкеліп соқтыратын еді.
Айтпақшы, біз сол кезде жаңа автокөліктердің міндетті техникалық бақылаудан өтуіне қарсы шыққанбыз, ол туралы жоғарыда айтылды. Бірақ тура осылай азшылықта қалдық. Тек бір жылдан соң, Мемлекет басшысының араласуынан кейін сол шешімді түзей алдық.
Тұтастай алғанда, заң шығарушылық – бұл жанды процесс. Кешегіден гөрі, бүгін біздерге одан да жетілген шешімдерді қабылдауға ештеңе де кедергі болмау керек. Сол себепті, «Ақ жол» фракциясы, үкіметке бұл норманы өзгерту қажеттілігі туралы сауалын жіберді. Өкінішке орай, біздің заңнамамыз үкіметтік ұсыныстарды депуттаттардың бастамашылдықтардан гөрі тез қабылдайтын болып өрнектелген. Мысалы, 2012 жылы «Ақ жолмен» дайындалған оншақты заң жобаларының біреуі де, үкімет позициясымен парламент жұмысына қабылданбады. Бәрібір де, жұмыс істеуіміз және осы жағдайларда да ахуалды өзгерту керек.
Тіпті бүгінде де біз ІІМ-нің біздің ұсыныстарға деген теріс кертартпалығын көріп тұрмыз. Және оларда парасатты идеяларға тағы да тосқауыл қоюға барлық мүмкіндіктері бар. Міне, менімше немен жұмыс істеу қажет, кімнің оған көзін жеткізуіміз керек.
Ал депутаттарға кім болса да наразылық білдіре алады, бірақ бұл тек әділетті қоғамдық пікірлерге жік келтіреді және парасатты мағынаның позициясын әлсіретеді. Мүмкін, жаңа автолар үшін техникалық бақылауды жою туралы таластарда болғандай, мұндай кінәрат-талаптардың авторлары, біреудің тапсырысын орындай отырып, осыған қол жеткізгісі келетін шығар. Біз бұдан әлдеқашан өткенбіз. Кез-келген жағдайда, «Ақ жол» депутаттары бұл тақырыпты ресми деңгейге көтерді және бұл таласта өзінің позициясын анық көрсетті.
Михаил Козачков
http://akzhol.kz/kz/news/show/4889/119/128/
qazaquni.kz