Шенеуніктер кімге қызмет етеді: шетелдіктерге ме, әлде өз еліне ме?
2014 ж. 21 қараша
2129
5
Шенеуніктер кімге қызмет етеді: шетелдік компанияларға ма, әлде өз еліне ме? – деген сұрақты Азат Перуашев 19 қарашада Мәжілістің пленарлық отырысының екінші оқылымында жер қойнауын пайдалану мәселесі бойынша заң жобасын талқылау кезінде қойды.
Құрметті әріптестер. Жер қойнауы туралы заңды қарастыра отырып, қатысушыларға келесі деректі еске түсіргім келіп отыр. 2012 жылдың 3 қыркүйегінде Парламенттің 2-нші сессиясының ашылуында Елбасы сөз сөйлей отырып, айтқан болатын дәйексөз келтіремін: «Қазір қазақстандық құрамды қолдаудың толық жүйесін қайта қарастыру маңызды - әлемнің барлық елдері өз өндірушілерін қолдайды. Бұл тәжірибе біз үшін өте маңызды. Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп әлемдік тәжірибені талдауды және қазақстандық тауар өндірушілерді қолдаудың өзіндік үлгісін жасауды тапсырамын». Бұл тапсырма Елбасымен, қайталап айтамын, 2012 жылдың 3 қыркүйегінде берілген болатын, яғни екі жыл бұрын. Осы уақыт бойы не жасалды? Былтырғы жылы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды талқылай отырып, үкімет одан «отандық тауар өндіруші» деген түсінікті және мұндай өндірушілер үшін жеңілдіктерді алып тастады. Онымен қоса, біз бұл тәсілдемеге қарсы болғанда, «Ақ жол» фракциясы керісінше, қазақстандық бизнесті қолдауды күшейтуді талап еткен болатын, бізге Кеден одағы шеберінде мемлекеттік сатыпалулар біртұтас болу қажет, бірақ отандық өндірушілердің мүдделері ұлттық компанияларға, мемлекеттік кәсіпорындарға және жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты сатып алулар басқа заң жобасында, «Сатып алу туралы» Заңда есепке алынатын болады деді. Біз сол кезде бұл шартпен келіскен болатынбыз. Мұны қабылдағаннан кейін бір жыл өтті, ал сатып алу туралы Заң әлі жоқ. Жазда экономика және аймақтық даму бойынша Комитеттің кеңейтілген отырысында, бәсекеге қабілеттілікті қорғау бойынша Агенттіктің өкілдері жұмыс жасалынуда және бұл заң жобасы күзде енгізілетін болады деп мәлімдеген. Қыс болды, ал ол бізде әлі жоқ. Және сатып алудағы ұлттық бизнестің мүдделері екінші орынға жылжытылды. Басқа мысал: 5 жылдан астам уақыт бойы «Офсеттік саясат туралы» Заңның қажеттілігі жайында сөз қозғалуда, ол Қазақстанда жұмыс жасайтын шетелдік жер қойнауын пайдаланушыларды жинақтаушы тараптар мен қолданыстағы жабдықтың ауыстырылатын бөлшектері өндірісін, сонымен қатар оны күтуді Норвегия үлгісі бойынша, мекендеуші елдің жергілікті компанияларына беруге міндеттейтін еді. Бұл Заң да әлі күнге дейін түскен жоқ. Қорытындысында біз қазақстандық өндірушілерді қорғау бойынша барлық нормаларды алып тастаймыз және оларды қолдауға қатысты ешқандай шара қолданбаймыз. Қазіргі таңда жер қойнауын пайдалану туралы бұл Заңда да дәл сондай жағдай – «Ақ жол» партиясының отандық бизнесті қорғау туралы ұсынысы тағы да әзірлеушіден қолдау көрмеді. Онымен қоса: біздің ұсыныстар комитетте талқыланған кезде әзірлеушілер өкілдері – инвестиция министрлігі департаментінің директоры – келесіні айтқан болатын: «Біз мұндай түзетулерге қарсымыз, себебі олар шетелдік инвесторлардың мүддесін қозғайды» (?!). Менде келесі сұрақ туады: бұл адамдар кімге жұмыс істейді, қай мемлекетке қызмет етеді? Біз шетелдік инвесторларды сыйлаймыз, оларды құптаймыз және көптеген жеңілдіктермен қолдаймыз. Бірақ олар да біздің мүдделерді сақтау қажет. Жер қойнауын пайдаланушылар, олардың ішінде шетелдік те, тек біздің табиғи ресустарды пайдаланып, тек салық төлеумен ғана емес, сонымен қатар өз жұмыстарындағы жергілікті құрамдағы үлесті де ұлғайтулары қажет. Мәселен, біздің жабдықтарды сатып алулары қажет, біздің сервистік компаниялардың қызметіне тапсырыс берулері, осы жерде отандық азық-түліктерді, арнайы жұмыс киімдерін және т.б. сатып алулары қажет. Негізінде, мұндай нормалар инвестициялық келісім-шарттарда бар, ал іс жүзінде олар ештеңемен, заңның ешқандай талаптарымен бекітілмеген. Мәжіліс Бюросында Қабибулла Қабенұлы (Мәжіліс спикері) бұл мәселені қарастырған кезде, естеріңізге салайын – мен 80-нен астам жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың тізімін көрсеткенмін, олардың аймақтық құрамдағы нормасы 60-тан 100%-ға дейін, ал пайдалану дерегі басым көпшілік жағдайда - 0 %, дегенмен екі-үш жағдайда пайдалану 1,5-2%-ды құрайды. Ал сонда Мининвесттің жер қойнауын пайдалану департаменті маған инвесторларды «жәбірлейсің» деп мәлімдейді. Онымен қоса, заңдардан қазақстандық өндірушілер үшін жеңілдіктерді алып тастау керек деп көндірмекші болған кезде – олар Кедендік Одаққа сілтейді. Мен РФ-ның «Заңды тұлғалардың сатып алларының жекелеген түрлері туралы» Заңының 8 тармағының 3 бабын оқимын, мұнда «Ресей Федерациясы тауарларының басқа тауарларға қатысты басымдығы» деп тура жазылған. Бұл норма әрекет етуде және ешкіммен алынып тасталмаған. Ал біз отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі барлық шараларды алып тастаудамыз. Осыған байланысты, менің қатаң сынға алуымнан кейін «Ақ жол» партиясына инвестиция және даму бойынша Министрліктен хат түсті, ол хатта «Сізбен ұсынылған, түзетулерді, соның ішінде 2015 жылдың 1-інші тоқсанында Парламент Мәжілісіне енгізу жоспарланып отырған «Офсеттік келісімдер туралы» Заңының жобасындағы түзетулерді жан-жақты қарастыру үшін бар күшімізді жұмсаймыз» деп жазылған. Біз отандық өндірушілердің, яғни машинақұрылысы, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, сервистік компаниялар және тағы басқалардың мүдделері тиісті түрде қорғалуын талап етеміз. Елбасының тапсырмасын тағы да қайталаймын: «Әлемнің барлық елдері өз өндірушілерін қолдайды - бұл тәжірибе біз үшін өте маңызды. Үкіметке әлемдік тәжірибені талдауды және қазақстандық тауар өндірушілерді қолдаудың өзіндік үлгісін жасауды тапсырамын». Қайталап айтамын, 2 жыл өтті, ал мемлекеттік органдар қолдаудың орнына жаңа заңдарды енгізе береді, енгізе береді, сөйтіп Мемлекет басшысының тапсырмасына қарамастан, керісінше қазақстандық бизнесті қолдау бойынша барлық шараларды алып тастауда. Инвестиция Министрлігі мені де қызу түрде сендіріп жатыр, себебі біз мемлекеттік органдарға өзіміздің осы мәселелерге қатысты абыржушыларымызды, сонымен қатар шұғыл шаралар қолдану өте қажет екендігін жеткізе алдық деп үміттенемін. Әйтпесе тағы екі жыл өткен соң қолдайтын ешкім қалмайды. Біз тағы да уәкілетті мемлекеттік органға және Үкіметке офсеттік саясат туралы Заңды әзірлеу мен енгізуді жеделдетуді және отандық бизнестің мүдделерін қорғауды сұраймыз. Рахмет.