Атажұртқа оралған қазақтардың жайын кім ойлайды?!.
2014 ж. 13 қазан
3780
11
Қытайдан қоныс аударған Әбдікерімдер отбасы бір жылдан бері Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр.
Атажұртында қағаз бойынша қонақ саналып жүрген отбасының шаңырағында NUR.KZ тілшісі болып қайтқан еді.
Осы жылдың желтоқсан айына дейін Қазақстан азаматтығын алмаса, Әбдікерімдер отбасы бес баласымен далада қалатындарын айтады.
Шаңырақтың әкесі Есхат Әбдікерім "Мен Қазақстанда тұрып, осында өсіп-өнгім келеді. Қазақстан азаматтығын алу үшін он бес шақты құжат сұратты. Бірақ, оны Қытай тарабы бізге бермейді. Құжатсыз отбасымның жалғыз асыраушысы ретінде тұрақты бір жұмысқа да тұра алмай жүрмін. Желтоқсан айында "уақытша құжатымның" мерзімі бітеді. Не істерімді білмей отырмын" дейді.
Бес баланың анасы Әлия Жақыпберді бұл жағдайды ойлай беріп, түн ұйқысының бұзылғанын айтады. Оның айтуынша шегінуге жол жоқ. Себебі, "Қайтып барар болсақ Қытай заңы бойынша жауапқа тартыламыз. Ал Қазақстанда дүниеге келген екі егізім ол елге мүлде кіргізілмейді", - деп көзіне жас алады.
Жоғарыдағы туу туралы куәлік Қазақстанда дүние есігін ашқан Әлима мен Халимаға берілген. Мұнда ата-анасы деп тек Әлия Жақыпберді көрсетілген. Яғни, қыздардың әкесінің аты жазылмаған.
Бұл отбасы қазірге Алматы облысына қарасты Ұзынағаш жерінде мына баспананы жалдап тұрады. Балалары да жергілікті мектепте білім алып жатыр.
Отбасының әкесі Есхат қазірге уақытша құрлыс жұмыстарына жалданады.
Егіздің бірінің басында жақында жара пайда болыпты. Бірақ ата-анасы дәрігер көмегіне әлі жүгінбеген. Біріншіден қаржы қолбайлау болса, екіншіден тағы да құжат қажет.
Бұл отбасының қазіргі күн көрісі мынандай.