Біріккен Араб Әмірліктерінің Ішкі істер министрлігі темір тұлпардың тізгінінде отыратын әйелдер үшін жаңа заң шығарды, деп хабарлайды muslim.kz.
|
БАӘ-де әйелдерге көлік жүргізіп, боянуға тыйым салынды |
Жаңадан қабылданған заң бойынша, енді рөлде отырып боянған немесе шашын тараған ақжаулықтылар жауапқа тартылып, 1000 дирхам (270 доллар) көлемінде айыппұл төлейтін болады, ал көлігі бір айға айып автотұрағына қойылады. Аталмыш құзыретті органның бұл қадамға баруы әйел жүргізушілердің қозғалыс кезінде аталған әрекеттермен айналысуы қауіпті саналатындығымен байланыстырылып отыр. Дубай транспорт және полиция төрағасының орынбасары Саиф Мухейр Аль Мазруи: "Рөлде отырған әйелдің бетін опалағаны жолда қалта телефонын пайдаланғаннан да қауіптірек", – деп атап өтті.
Сондай-ақ, ол жолда келе жатып ұялы телефонмен сөйлескендерге де жаза барын айтты. "Жүргізушінің телефонмен сөйлесуі үшін белгілі бір жерге тоқтауы немесе көздеген жеріне жеткен соң сөйлескені дұрыс", – дейді ол.
Биылғы жылы Дубай полициясы ұялы телефон қолдану кесірінен 26,5 мың жол-көлік оқиғасын тіркеген көрінеді.