70 жылдан кейін "Ұлы Отан соғысы" ордені тапсырылды...
2014 ж. 18 тамыз
3843
2
Ардагер Өзбақан Сиябаевты ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапаттау туралы куәлік 70 жылға тарта уақыт өткеннен кейін қызы Танзираға тапсырылды.
«Ресей Федерациясы министрлігінің тапсырмасымен бүгін 1946 жылғы 6 тамыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Өзбақан Сиябаев екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталған болатын, бүгін осы марапатты тапсырудың сәті түсіп тұр. Бұл марапат 70 жылға жуық уақыттан кейін туыстарының қолына тиіп отыр. Ресейдің Бас консульдығының атынан мен бұл марапатты шынайы ілтипатпен тапсырамын», - деді рәсімде сөйлеген сөзінде Ресейдің Қазақстан Республикасындағы Бас консульдығының вице-консулы Сергей Шимко өткен сенбі күні.
Қаланың ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы 34 жастағы семейлік Өзбақан Сиябаев 1946 екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталғанын хабарлады. Орден кезінде тапсырылмай қалған, Қорғаныс министрлігінің сауалына мекен-жайы табылмағаны жөнінде жауап берілген.
«2012 жылы соғыс ардагерлерін марапаттау туралы сайттан балалар атасының тегін көрген. Мен Ресей Федерациясының мұрағатына хат жаздым, олар марапаттау болды, бірақ награда тапсырылған жоқ, деп жауап берді», - дейді соғыс ардагерінің жалғыз қызы Танзира Сиябаева.
Өзбақан Сиябаев майданнан оралғаннан кейін көп жылдар бойы Калинин атындағы орденді Семей ет-қалбыр комбинатында еңбек еткен. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін сол маңдағы «Социалистік» кеңшарында көшіп, шопан болып жұмыс істеді. 1984 жылы өмірден өтті.
Қазақпарат