Алматыда мемлекеттік ту жүк көлігінің брезенті ретінде пайдаланылды - ФОТО
2014 ж. 15 тамыз
3336
0
Әлеуметтік желіде Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бірі көк тумызды жүк көлігінің брезенті ретінде пайдаланылған сурет кеңінен талқылану үстінде.
Бұл фотоны осыдан шамамен 1 ай бұрын танымал жүргізуші, шоумен әрі сценарийші Марат Оралғазин түсіріп, Instagram желісінде жария еткен болатын. Суреттен жүк көлігінің Алматы көшелерінде кетіп бара жатқанын байқауға болады.
«Бұлай істеуге болмайды ғой! Бұл менің көңіліме қаяу түсірді. Бұл қорлағанмен тең. Ашу-ызаны тудырады. Менің елімінің рәмізі не үшін жүк көлігінің брезенті ретінде пайдаланылуы тиіс. 102-ге телефон соқтым. Сәйкесінше шара қабылданатындығына сенемін»,- деп жазды ол.
Тек көлігінің маркасы ғана емес, тіпті мемлекеттік нөмірі де анық көрінетін бұл сурет әлеуметтік желіде кеңінен талқыға түсті. Мәселен, ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің экс вице-министрі Мұрат Әбенов М.Оралғазиннен осы мәселеге орай қалалық Ішкі істер департаментімен жауап келген-келмегенін де сұрады. Оған М.Оралғазин: «Жоқ аға, хабарласпады», - деп жауап беріпті.
Автор: Марлан Жиембай