4 қызға АИТВ дертін қасақана жұқтырған жігіт...
2014 ж. 21 шілде
2699
2
Теміртау қаласында жабық жағдайда өткен сотта бір жігітке ауыр үкім кесілді. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ немесе жалпақ тілмен айтқанда СПИД) әдейі жұқтырғаны үшін әлгі жігіт 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
АИТВ дертімен ауыратын жігіт өз ауруын 4 қызға қасақана жұқтырғаны белгілі болды. Төрт қызбен ол ғаламтор арқылы танысқан көрінеді.
Өзінің ауруын біле тұра ол жыныстық қарым-қатынас кезінде мүлдем сақтанбапты да.
Қыздарды медициналық тексерістен өткізу барысында бәрінен АИТВ белгісі анықталған. Олардың бірі тіпті екіқабат болып шықты. Сонымен, 25 жасар жігіт 7 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.