ЖАПҚАН ЖАЛАЛАРЫҢНЫҢ ЖАНАЗАСЫ ШЫҚТЫ, ЖАСАРАЛ-ЖАНБОЛАТ!

 

 "АҢҚАУ ЕЛГЕ - АРАМЗА МОЛДАЛАР"

Жасарал 1Атын "Ашық алаң" дегенмен, қазақ тілін түгел алып тастап, тек "Трибуна"  болып қалған газетінде  Жанболат Мамай мен Сәкен Жүнісов дегендер "демократия" дегенді сылтауратып," орыс тіліне mamaiмемлекеттік мәртебе беру керек" деген дұшпан пиғылдарын жариялап,  қоғам алдында, ұлтшылдар алдында қарабет болған соң, өздерімен беттес, ниеттестерді іздей бастапты... Ондай жан да алыстан емес... айналасынан табыла кетіпті... Иә, ол да Мамай сияқты кезінде  Конституциядан  орыс тілі туралы 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастау арқылы қазақ тіліне тыныс беріп, өріс ашу туралы 138-дің хатына қол қоюдан үзілді-кесілді бас тартқан Жасарал Қуанышәлин деген  "арбитр" . Дұрыс ойлап отырсыздар, иә, Әблязовтың ақшасы  үшін қазақ тілі түгіл, қазаққа қарсы шыға беретін жанкешті жалаңтөстердің бірі. Яғни, Жанболат екеуі бір ақырдан жемтіктес болғандар... Жасекең үшін   "Атака на газету "Ашық алаң" - провакационная акция" -деп, дүмбілез мақаласына "демократиялық"  "диагноз" қоя салу еш қиындық тудырмайды. Өйткені бұлар үшін, тек өздерінің айтқандары ғана дұрыс та, өзгелердікінің бәрі  бұрыс. Неге дейсіз ғой... Себебі оларға өздерімен бірге болмағандардың барлығы олар үшін жау болып табылады. Бұл жолда олар шындық дегенді шырылдатып, белінен бір-ақ басып, жаншып кете береді... Өзгенің пікірімен санаспай отырып, өздерін "демократ" санайтындарын қайтерсің... "Өзің диуанасың-кімге пір боласың" -деген мақалды айтқанда, көз алдыңа көлбеңдеп, көлденеңдеп  Жанболат-Жасарал тандемінің танымал ұсқындары  келе қалатыны сондықтан... Жасаралдың бірінші жаласы - мақаласының тақырыбында тұр. Яғни, олар үшін қазақ тілін.ұлт мүддесін қорғау - "Еуразиялық экономикалық одаққа қол қоярдың алдында "Ашық алаң" газетіне қарсы "арандату" болып табылады екен де, мемлекеттік тілдің -мемлекет пен ұлт мүддесінің, яғни, қазақтың үстінен ат айдау - ешнәрсе емес, "демократиялық пікір білдіру" болып табылады екен..."Трибуна"  тілімізді тіліп жатқанда, бір ауыз үндей алмай, інінен шықпай жатқандардың біздің  Жанболат пен оның басылымына "бас білдіріп",  орнына қойған  соққымызға аттандап, "арандату" деп айқайлап шығуы - қандай демократия?!. Нағыз арандату - орыс тіліне мемлекеттік мәртебе, 130 ұлт тіліне арнайы статус сұрау!  Қай құлақтарыңмен, сау немесе саңырау құлақтарыңмен естісеңдер де, осы! Тап мұндай өздеріңдікін ғана дұрыс санайтын, қазаққа қарсы зиян келтіретін қаскүнем "демократияңның" нақ атасының аузын! "Қазақстанның әр азаматы өз пікірін айта алуы керек" деген қағиданы қайталаудан жалықпайтын Жасекең ол қағиданы таңдап қана таңады екен. Мысалы, мамай-жүнісовтердің қазақ тіліне қарсы пікір жариялауы осы қағидаға сай келеді екен де, "Не оттап отырсыңдар, бұл дұрыс емес, бұл - арндату!" деген біздің қарсы пікіріміз ол қағидаға сай келмейді екен? Неге? Ол оларға, қазақ тілін қолдаудан қашып, орыс тілін қолдап, орыс телеарнасына сұхбат берген жанболат- жасаралдарға  жақпайды! Неге? Өйткені оларды "асырап" келе жатқан  қожайыны Әбіләзов қазақ тіліне қарсылығын ашық мәлімдеген болатын... (Бұларға ұнамайтын бұл  мәселеге кейінірек жеке, толық тоқталамын...) "Менікі ғана дұрыс" деп отырып, тағы да демократия жайлы дәріс оқығысы келетінін қайтерсің, "аңқау елге арамза молдалардың!?." Бұлардың мұндай әділетсіз, күнәлі  күшенуіне қарасаң, бишік ұстап отырған  биліктен де асып түсетін түрі бар... Тек ретсіз күшене берудің соңы - талай рет бүлдіріп қойып, ұятқа қалдырып жүрсе де, қояр емес... Жасарал мен Жанболат, мен өткенде айттым ғой, қазақ тіліне қастықтарыңды тура Еуразиялық экономикалық одаққа қол қоярдың алдында жариялаңдар деген мен бе сендерге?.. Жоқ, сендер, біз не деп оттасақ та, ешкім үндемейді деп ойладыңдар ма?  Естеріңе мықтап, мәңгілікке  сақтап алыңдар: "Кай күні  оттасаңдар - ертеңіне лайықты жауабын аласыңдар!" Ол одаққа қол қоюдың алдында ма, артында ма, басқа ма, маған бәрібір... Ал одаққа қарсылықтың қамын ойласаңдар, қол қойылар күннен кейін-ақ жарияламадыңдар ма? Онда... ұлтшыл Серік Сапарғали бастап,  "Қазақ үні" мен Абай.кз сайты қостаған айыптаулары   "Еуразиялық экономикалық одаққа қол қоярдың алдындағы бізге  қарсы "арандату"-дегенге  уақыты  тура келмей қалады ғой... Міне, бейшара бейілден шыққан ергежейлі ереже, сасық қулық, пасық пайым... Өткенде де айттым, бұларға тағы да қайталайын. Осы өздерін оппозициямыз дейтін орысқұл мен құлқынқұлдарға мемлекеттік тілдің жайын айтып, "қол қоясыз ба" десең, “бірінші мәселе – ол емес”-деп, шалт бұрылып, қашатын шакалдық әдіс тауып алыпты… Өздерінің қазақ  тіліне,  қазақ мүддесіне қас қожайындарының талабымен қазақ тіліне қарсы болып отырғандарын жауып-жасыру үшін “біз бірінші билікке қарсы шығып, ауыстыруға күш салуымыз керек! Сонда ғана қазақ тілі оңалады,”-деп “жақсы” жабу, айлалы амалға көше салып, қара мысықтай аунап түседі. Онысы да өтірік. "Билікті ауыстыру керек”-деп отырғандардың  билікке қарсы көзге түсетін әрекеттерін көрген жоқпыз. Митингке шақыра қалса, өздерінің офисіндегілерден басқа ешкім шықпайды.  Өйткені, қадірі жоқ халыққа. Себебі, халық біледі кімнің-кім, кімнің  қазақ тіліне қас екенін…  Ал мемлекеттік тіл мәселесіне арналған 138-дің хатына байланысты ұйымдастырылған митингке 5 мыңдай адам жиналды. Атазаң талабын қорғап, мемлекеттік тіл – мемлекет мүддесін қорғап өткізген жиынды қаптап қоршап тұрған полицейлерді  де адамдарға…  қосып есептесек,  митингіге қатысушылардың жалпы саны 5 мыңнан да асып кетті… Бұл - Тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен көрсеткіш!  Міне, қазақ үшін  бірінші мәселе – не екенін осыдан-ақ білуге болады ұлттық намыс,  саяси сауат болса…  Мен “Біздің орысқұл  биліктен еш айырмашылығы жоқ орысқұл оппозициямыз бар.” – деген, кейін мәтелге айналып кеткен сөзді осы митингте де айтып, билік пен оппозициядағы қазақ тіліне қарсыларды  түгел атап берген болатынмын… Ол сөз қазір 129 сайтта, тіпті Ресей Федерациясы Кеден комитеті сайтында  да тұр… Бұлар үшін тіл деген - бәрі ботқа, Мүттәйімдер кетеді  сарып отқа... Мүддесінен ұлтымның артық не бар, Дәлдүріштің дәрісі дәрі боп па!?.   Енді жалақорлардың екінші жаласына келейік. Жасарал да "Жас Алаш"  сияқты "Еуразиялық экономикалық одаққа қарсы материал жоқ" деп соғады. Ендеше, "Қазақ тіліне қарсы басылымды жақтап, "жабуынан" айрылғандар аз емес..." атты жауабымда ("Қазақ үні" №23 10.06.2014. www.qazaquni.kz) айтылған дәлелімді тағы қайталайын: «Қазақ үні» газеті талай жылдан бері әр санында Еуразиялық экономикалық одаққа қарсы шығып келе жатқанын, менің оған қарсы талай ашық хатқа қол қойғанымды ел жақсы біледі. Еуразиялық одаққа «Қазақ үні» газеті мен Қазыбек Исаның қалай қарайтыны газетіміздің әр нөмірінен, сайтымыздағы мақалалардан белгілі. Дәлел керек пе? Жанболат Мамайдың: «Тәуелсіздікті тәрк ететін «Кедендік одаққа» қарсы үн көтереміз» (2010 жылғы 9 сәуір),  талай адам қол қойған «Антиеуразиялық Одақ құру туралы мәлімдеме» (13.01.2014.), әйгілі жазушы Төлен Әбдікұлының: “Біздің ел басқарып отырған шенеуніктер құлдық санадан арылмаған” сұхбаты, (11 ақпан, 2014); белгілі саясаткер Әміржан Қосановтың: “Әзірше Одаққа кірудің қажеті жоқ. Кремльге қарап, Украинаны сатып кетіп жатқандар бізді де ойландыруы керек!..” (11 наурыз,2014); саясаттанушы Мұхит Асанбаевтың: “Тәуелсіздікті саудалауға жол бермеу қажет…” (№13, 1 сәуір, 2014); саясаттанушы Жанат Момынқұловтың : “Мәңгі одақ жоқ, мәңгілік ұлттық мүдде ғана бар!” (№18, 6 мамыр, 2014); Сейілбек Асанның: “Ресейдің Қазақстанмен достық қатынасын сақтайтынынына кепілдік бар ма?” (11.03.2014.), Рысбек Сәрсенбайдың: «Тәуелсіздік, бәрінен сен қымбатсың! Әлдінің жанында әлсіз жантәсілім болады…» (14.04.2014), Дастан Елдестің: “Крымский синдром как новая угроза” (11.03.2014), Дос Көшімнің: “Фашистерге “Аңыз адам” таптырмас құрал болды” (29 сәуір, 2014); белгілі жазушы Смағұл Елубайдың: “Әлсіздің күнін кешіп отырмыз!..” (27 мамыр, 2014); тағы басқа мақалалар да жеткілікті екенін өзінің газетінен басқа да қазақ газеттерін оқитын көзі қарақты редакторлар да, қалың оқырмандар да біледі. Сайтымызда бұл мақалаларға жазылған талай құнды пікірлер де тұр және жазылып жатыр. Ал менің qazaquni.kz сайтында жариялаңған «Азаттық» атты ұранды жырым мен ойларымды  ұлтшыл қауым фейсбукта (29.05.2014) оқып, қолдап,разылығын білдіргендер жетеді. Олардың саны антиеуразиялық форумға жиналғандардан оншақты  есе артық... және бәрі пікірлерін ашық жазды және жазуда..." Және сіз жала жапқандай, бізде одаққа қол қойылғанға дейін бір де бір Еуразиялық одақты қолдау туралы мақала шыққан жоқ. Жоқ, сіздің ойыңызша, оппозициялығы сіз бен мамайшаны  он орап алатын Әміржан Қосановтың мақаласы Еуразиялық одақты қолдау ма? Немесе, әйгілі жазушылар Төлен Әбдік пен Смағұл Елубайдың сұхбаттарына күмәніңіз бар ма? Ал енді не болдыңыз, Жасеке! Жалақор болдыңыз тал түсте, пайғамбар жасынан асқан кезде... Жаңа "атағыңыз" құтты болсын! Жасай беріңіз, Жасеке! Енді  үшінші жалаңызға келейік! Өткендегі "Жас Алаштың" басшысы Рысбек көкеме санап тұрып,дәлелдеп бергендей, сізге де санамалап бермесем, біртүрлі күмәнділау көрінеді екен қылықтарыңыз... "Қазақ үні" газеті тек "Ақ жолды" ғана насихаттайды деген сияқты "айыптауларға" тоқталайық. Иә, партия төрағасы Азат Перуашев еуразиялық экономикалық интеграцияға байланысты өз жеке пікірін білдіргені бар. Демократиялық партияда әркім өз пікірін білдіріп жатады. Сол Азат Перуашев қазақ тілін қолдап, орыс тілін Атазаңнан алып тастау керек деген 138-дің хатына ең бірінші болып қол қойғанда, мен сізге өзім хабарласқанда, қазақ тілін қолдаудан үзілді-кесілді бас тартып, екеуміз екі кештің арасында біраз айқайласқамыз.. (Бұл  мәселеге кейін әлі жеке тоқталамын...) Ал «Ақ жол» партиясы 138-дің хатын қолдап, Президиум мәлімдемесін жасаған жалғыз партия. Алаштың арыстарын қолдап, жыл сайын байқау, конференция, ұйымдастырып, Алаш бағдарламасын қабылдаған партия. Сол кезде сіздердің  қожайындарыңыз, Әблязовтарың қазақ тіліне қарсы шыққасын, біз "Сарыарқа" кинотеатрының артында 5 мыңдай адам жиналған Мұхтар Шаханов бастаған митингте 138-дің хатына қарсы шыққан биліктің ертісбаевтарымен, сенат, мәжіліс төрағаларымен, министрлермен бірге сойып салдық оны. Әйтпесе, оған дейін "Ақ жолдың" ғана емес, сіздердің «Алға» партиясының материалдары да бізде тоқтаусыз шыққанын ұмытып қалсаңыз, үйіңіздегі қазақтың белгілі ақыны Айсұлу апайдан сұрасаңыз, жақсылап есіңізге салып тұрып,  айтып береді... Тағы да қайталайын, «Қазақ үні» газетін «Ақ жол» партиясының жетістіктерін ғана айтады»-дегенге келетін болсақ, ол - ұлтшылдық «жабуымен» жүрген басқа басылымдардай қазаққа қарсы басылымды жақтау емес. «Ақ жолдың» парламенттегі көтеріп жатқан мәселелерін, Алашқа байланысты дәстүрлі байқау, ғылыми конференциялары, мемлекеттік тіл туралы, қазақ диаспорасының ахуалы, халықтың тұрғын-үй мәселелері, жалақыны көтеру т.б. мәселелерді айтамыз. Яғни, газет бетінде тек істелген істер туралы ғана жазылады. Кейбіреулер секілді аузымен орақ орып, «қатырайын деп жатырмыз» дегендер емес, болған істер ғана айтылады. Ал газеттің «Ақ жол» партиясымен тұрақты серіктес ретінде әр нөмірде арнайы бет беріп отыратыны партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың Гүлжан Ерғалиеваның «Адам бол» журналына берген сұхбатында анық айтылған. «Қазақ үні» газеті тек «Ақ жол» партиясымен ғана шектелмейді, елге септігі тиетін, демократиялық дем беретін талай саяси партиялардың, ұйымдардың істерін де жазып келеді. Бізде Қажыгелдиннен, Әбділдин, Заманбектерден бастап, барлық оппозиция көсемдері сөйлеп шыққан. Менің «Қажыгелдиннің қайтып келуі қажеттілік» деген мақаламды Қажыгелдиннің өзі оқып, разы болғанын Әміржан Қосанов айтып берген болатын. Заманбек «өзін-өзі үш рет атқанда,» «Атқызған кім! Атқан кім!» атты мақалалар сериясын жариялағанбыз. Алтынбек Сәрсенбайұлы қанішерлер қолынан қаза тапқанда, қаптаған курстастары бір-бір газеттің басында отырып, үндей алмағанда, «Ақ жол» екіге бөлініп кеткеннің өзінде біз, «Қазақ үні» газеті «Алтынбек те атылды, ал тағы кім?» атты сын мақала жариялап, суретін бірінші беттегі мұқабамызда бергенбіз… Ал, «Алға» партиясы туралы да кезінде талай жазғанбыз. Бұл туралы орыс тіліндегі порталдарда қазақ БАҚ-ы туралы сараптама мақалада ашық айтылып, тіпті «Әблязовтың газеті» дегенге дейін барды өмірімде көрген адамым болмаса да… «По сравнению с другими изданиями газету “Жас қазақ үні” можно назвать поистине независимой. Владелец и главный редактор газеты – поэт Казыбек Иса. Является членом политсовета партии “Ак жол”. Несмотря на это, он не подпадает под полное влияние никакой партии или клана. Однако в последнее время газета “Жас қазақ үні” работает в интересах партии “Алға”, а точнее, М. Аблязова,-деп жазды Алмас Бекбердиев. (« Тяжела и неказиста… Жизнь информационных холдингов Казахстана» (ЦентрАзия.Ру, 14.02.2011., Nomad.cu 15.02.2011). Дәл осы кезеңде сіздің мақалаларыңыз біздің газетте жиі жарияланатын. Әрине, сол кезде сіз үшін "Жас қазақ үнінен" жақсы газет жоқ еді....  Кейін Әбіләзов қазақ тілін қолдаған 138-дің хатына қарсы шыққан соң,  қожайыннан малайға дейін, яғни Козловтан Мамайға дейін,  жап-жақсы тіл туралы  мақалалар жазып жүрген Жасарал Куанышалин, сізге  дейін, қазақ тілін қолдауға қарсы шыққан соң, біз  байланысты күрт үзіп, сынауға көштік… Содан бері "Қазақ үнінен" жаман газет жоқ...сіз үшін. Міне, бұл жалаңыз да "жабуынан" айрылды.... Қош, сонымен енді төртінші жалаңызға келейік! Көзі көрмей ме, Жасекеңнің немесе біреудің айтқанымен ере бере ме, "Қазақ үні" газетінде қазақ тілін қорғаған мақалалар жоқ, себебі президентті сынамай, оны мадақтай береді" деп соғады. Бұның  қып-қызыл жала екенін "Қазақ үні" газетін оқитын кез-келген оқырман айтып береді. Айтып қана бермей, мұндай жала үшін әділетсіздікке шыдамай  сазайыңызды беруі де әбден мүмкін... 2000 жылдан бері жарық көріп келе жатқан "Қазақ үні" ("Жас қазақ үні") газеті өткірлігі мен әділдігі және  көбінесе біржақты басылымдар арасында билікті де, оппозицияны да ашық та, батыл сынайтынымен   ерекшеленеді. Ең басты мақсаты – Ұлт мүддесінің ұпайын түгендеу.Негізгі тақырыбы – мемлекет пен ұлт мүддесін қорғау. 2004 жылы Парламент депутаттары Мемлекеттік тілге қарсы шыққанда, оның стенограммасын жариялап жіберген газеттің сең қозғаған сенсациялық  мақаласы елімізді дүр сілкіндіріп, зиялы қауымның Сенат пен Мәжіліске Ашық хат жолдауына себепші болды. Оны көптеген баспасөз құралдары қатты қолдап кеткені белгілі. Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақтанда»  біртуар қайраткер Шерхан Мұртаза: «Кімнің кім екенін білгің келсе, тек «Жас қазақ үні» газетін ғана оқып, біле аласыздар»  десе, «Қазақ әдебиеті»  газеті: «Жас қазақ  үні»  бір мақаласымен-ақ ұйқыдағы жұртты оятты» деп жазды. Содан бері ұлт мүддесіне келгенде біз ханды да, қараны да аяған жоқпыз.Сенбесеңіз, ұлттық кітапханаға барып, тігінділерді ақтарыңыз. Ал 2009 жылғы сәуірден бергісін www.qazaquni.kz сайтынан-ақ қарап алуыңызға болады. 2009 жылғы менің Республика сарайындағы сөзім ше, ел орнынан бірнеше рет тұрып кетіп, қол шапалақтап, ұрандап кеткенде,  митингіні ұйымдастырушылар "тоқтатсын" дегенде, өзіңіз емес пе "сөйлей берсін" дегендердің бірі... Кейін ол газетте де, сайтта да жарияланды. Сіз бәрін ұмытып қалған екенсіз, немесе, әдейі ұмытқансып отырсыз, дәлел ретінде бір ғана үзігін келтірейін: "Мен 80-жылдары студент кезімде ойлайтын едім, "неге біз орыс тілінде сөйлеуге тиіспіз? Неге өзге ұлттар қазақ тілінде сөй­ле­мейді?" Жауап белгілі – бодан едік. Біздің тіліміз құл елдің тілі еді… 90 жылдары, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары менің балам маған осы сұрақты қойды: – "Неге біз орыс тілінде сөйлейміз, олар неге қазақ тілінде сөйлемейді?"-деп. Мен ол кезде болашақтан үмітті едім. Бес-алты жылда солай болады деп сеніммен жауап бердім. Бірақ бұл кезде де біздің тіліміз әлі бодан елдің тілінен аса қойған жоқ еді… Енді міне, Тәуелсіздік алға­нымызға да, Тіл туралы заңымызға да 20 жыл болғанда, осы сұрақты маған баламның баласы қоюда: -"Біз неге орыс тілінде сөйлейміз. Мемлекеттің тіліміз бейшара тіл ме, әлде мемлекетіміз бейшара ел ме?" Мен бұған не деп жауап беремін? Біз бұған не деп жауап береміз, халайық? Бұл – 70 пайыздай, яғни 10 миллион қазақтың сұрағы! Ал бұған Елбасы жауап беруі тиіс! Өйткені, бізде бәрін Елбасы шешеді ғой!" (24.09.2009.  www.qazaquni.kz) Бұл бір ғана мысал. Қалғанын шын іздеген адам, жала мен қызылкөз пәле іздеушіліктен  екі көзі қызарып кетіп, түк көрмей қалмаса,  сайттан тез-ақ тауып алады... Сол кезде ғой, нағыз қазақы оппозициялық газет "Қазақстанның" бас редакторы Серғазы Мұхтарбековтан бастап, барлық тәуелсіз газеттер мен интернет сайттары мемлекеттік тілдің дамымай отыруының басты себебін айтып, "атын атап, түсін түстеген" бір-ақ адам болды. Ол -"Ақ жол" партиясының мүшесі Қазыбек Иса!"-деп жазғаны... Ал енді не болдыңыз, Жасеке! Жалақор болдыңыз тал түсте, пайғамбар жасынан асқан кезде... Жаңа "атағыңыз" құтты болсын тағы да..! Жасай беріңіз, Жасеке!  

"ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ САТЫП ЖІБЕРДІҢ, ЖАСАРАЛ!"    дегенді үнсіз мойындадыңыз! Сонда кім ұлттың сатқыны?

Енді бесіншіден, тағы бір жапқан жалаңыз, өзін Еуразиялық экономикалық одаққа қарсы шығушы «оппозиционер» ретінде көрсетіп жүрген Жанболатты жалғыз өзі жау қайтарған "қаһарман" деп, ал Серік Сапарғали мен бізді "сатқын" деп, өз сөзімізді өзімізге аудара салуыңыз. Негізі "сам дурак"-дегеннен аспайтын бұл құрама "мақалаңызға" жауап та бермей-ақ қоюға болар еді, Жасекең өкпелеп қалар деген ниетпен алтын уақытымызды қиып жазып отырғанымыздды ескерерсіздер деп ойлаймын... Жанболаттың жалған опозиционер екенін ел, ақымақ емес, бәрі біліп алды. Басын бастап, «оппозиционер» көрініп, аяғында қойды қасапқа айдаған сасық текедей халықты алдап жалт беру – оның негізгі кәсібі екені елдің бәріне белгілі. Ал неге аяғына жеткізбеді? Одаққа қол қойылып кетті, жанболат-жасаралдар қайда болды? Астанаға келген еуразиялық одаққа қарсы ұлтшылдар, желтоқсандықтар сендерге емес, маған хабарласты жәрдем сұрап. Кім арқылы хабарласқаны керек болса, жеке айтып берейін сендерге... Сол күні тұтқындалғандардың ішінде неге болмадыңдар? Неге солар секілді елордаға жетпедіңдер? Мамайдың тағы да  елді алдаулардағы мың сылтауының бірі «бұның мәшинесінің алдына біреу мәшинесін қойып кетіп, шыға алмай қалды ма?.."  Жанболаттың  елге көз қылып, “Еуразиялық одақ бойынша “КНБ”-ға жауап беріп жүрмін” дегені де алдын ала сол үшәріп қызметкерлерімен өзі бірігіп жазатын елді алдайтын “сценарилерді” талқылау екені белгілі болды. Әйтпесе, антиеуразиялық жиын өткізуден бір күн бұрын  өздеріне шақырған ҰҚК ертеңіне өтетін жиналысқа  өлсе жібере ме? Жанболаттың “жиын болардан бір күн бұрын шақырыңдар” -деп үш әріппен келісуі бойынша “шақырылғаны” белгілі. Бұндай мамайша сценарийлер интернетте талай әшкерелеп жазылды да… Мысалы,  біз 2010 жылы 9 сәуірде Жанболат Мамайдың Кедендік одаққа қарсы жастарды митингке шақырғанын қолдап, оның: «Тәуелсіздікті тәрк ететін «Кедендік одаққа» қарсы үн көтереміз» деген мақаласын жарияладық. Артынан не болды? Жастарды митингке шақырып алып, өзі әдеттегідей «козел-провакатор» болып тайып тұрған ғой. Сонда жаныңдағы достарың сойып салып, әшкерелеп, қолын бір-ақ сілтеп еді ғой саған… “Әкімдікпен келісімге келгендер жастарды сатып кетті» атты мақалада (11.04.2010.) ескі алаңға келген «Еркін интернет үшін» жастар қозғалысы жетекшісі Шәмшит Ұлан Жанболаттың жабуын сыпырып алып: «Олардың не ойлағанын мен білмеймін. Менің ойымша, олар бүкіл жастарды сатып кетті. Бұлай болмауы керек. Әкімдікпен «әріптестік» орнатты деген күннің өзінде олар мен сияқты бүгін осы алаңға шығуы керек еді», деп жазған еді сол кезде… Ал Жанболатқа сеніп келген Ермек Нарынбаев, Мұхаммед Қыдысұлы, Дәурен Сатыбалдин және Медет Құлжабаевты полиция ұстап әкетті сол кезде…
Жанболаттың Жаңаөзенге байланысты серіктерін, өзінің қожайындарын Әбіләзов пен Козловты демде сатып, түрмеден зу етіп шыға келгенін, ал   Жасеке, сіздің ұлттықмүддені байдың ақшасына айырбастап, сатып жібергеніңізді ұлтшыл қайраткер Серік Сапарғали ағамыздың баспасөзде талай жазғанын да оқыдық… "Жас қазақ" газетінде (бізге қатысы жоқ басылым) 2012 жылғы 3 қарашада Серік Сапарғали мен сіздің бетпе-бет отырып, ашық айтысқаныңызды журналист Шадияр Өстемірұлы жаһанға жария еткенде мен сайтыма шығып кетсе де, газетіме жариялаған жоқ едім...  Иә, айтысты негізге алып жазылған, көптеген басылымдарға шыққан "Қазақ елі" қорының төрағасы Қажымұхан Ғабдолланың: "Жасарал ҚУАНЫШӘЛИН ҚАЗАҚТЫ ҚАЛАЙ САТТЫ?"- деген мақаласын да газетке жариялаған жоқпыз. Айнабұлақта Жаңаөзен құрбандарына ас беріліп, құран оқылғанда Айсұлу апай сұрағасын  "газетке жарияламағаным" туралы ол кісіге де айтқан болатынмын... Енді өзіңіз "сұрап алғасын" "ештен-кеш жақсы"-деп, кешегі нөмірімізде  "ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ӘБІЛӘЗОВТЫҢ МАЙШЕЛПЕГІНЕ АЙЫРБАСТАП ЖІБЕРДІҢ, ЖАСАРАЛ!"-деген атпен Серік Сапарғали екеуіңіздің ашық айтыстарыңызды жарияладық.  Несі бар, сыртыңыздан жазылған мақала емес, көзбе-көз өз сөздеріңіз. Содан соң, "Қазыбек Исаның өзі неге жауап бермейді? Оған да біраз жала жауып жіберіп едік қой"-деп ойлап, өкпелеп қала ма деп, ұйқымызды қиып, жауабымызды жазып отырған жағдайымыз бар, Жасеке!
Енді,сіздің "ұмытып қалатыныңызды " ескере отырып, рұхсат етсеңіз, Серік Сапарғали мырзаның көзіңізге қарап, бетіңізді тіліп тұрып, әшкерелеп айтқан бір-екі сөзін ғана есіңізге сала  кетейін: "ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ӘБІЛӘЗОВТЫҢ МАЙШЕЛПЕГІНЕ АЙЫРБАСТАП ЖІБЕРДІҢ, ЖАСАРАЛ! ҚАЗАҚТАР ҚИНАЛЫП ЖАТҚАНДА АЯҚ БАСҚАН ЖОҚСЫҢ! КОЗЛОВТЫ ҰСТАҒАНДА ШАҢДАРЫҢ ШЫҒЫП КЕТТІ! СЕНДЕР МҰНАЙШЫЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН ТҮСІНБЕЙ  ЖҮРСІҢДЕР! ЕГЕР МАҒАН ШАБУЫЛДАЙТЫН БОЛСАҢДАР, 61 ТОМНЫҢ  БӘРІН ИНТЕРНЕТКЕ ШЫҒАРАМЫН. ҚАЗІР ӘБІЛӘЗОВТЫҢ  АҚШАСЫ БОЛҒАН СОҢ, ШАШБАУЫН КӨТЕРІП ЖҮР. АҚШАСЫ БІТКЕН КҮНІ ОЛИГАРХ БҰЛАРДЫҢ БІРЕУІН ДЕ ТАБА АЛМАЙ ҚАЛАДЫ. КОНСТИТУЦИЯДАН ОРЫС ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІН АЛЫП ТАСТАУ ТУРАЛЫ 138-дің ХАТЫНА ҚОЛ ҚОЙҒАН АДАМНЫҢ БІРІ - МЕНМІН. ҚОЛ ҚОЙҒАНДАРДЫҢ КӨБІ БАС ТАРТҚАН КЕЗДЕ  ӨЗ ПІКІРІМДЕ ҚАЛДЫМ. СОНДЫҚТАН БҰЛАР ("алғалықтар"-ред.) МЕНІ ЖАҚТЫРМАЙТЫН БОЛАР..." Сонда сіз бір ауыз жауап қайтара алмай, мелшиіп отырып қалдыңыз ғой!  Яғни, Серік Сапарғалидың: "Ұлттық мүддені сатып жібердің, Жасарал!" дегенін үнсіз мойындадыңыз! Сонда кім болды ұлттың сатқыны? Бұған енді елдің жауабы дайын екенімен келіспеуге амалыңыз жоқ екенін де жақсы білемін, Жасеке! Сонымен маған, "Қазақ үні" газетіне  және басқа ұлтшылдарға Жанболат екеуіңіздің жапқан жалаларыңыздың бәрінің жаназасы шықты! Аллаху акбар! Аман болыңдар, әйтеуір... Қазыбек ИСА www.qazaquni.kz

Тақырыпқа таралғы

 

ЖАНБОЛАТТЫ ЖАҚТАП, ЖАСАРАЛҒА ЖАН БІТІПТІ....

САТҚЫН ЖАНБОЛАТТЫҢ "ТРИБУНА" газетінде "ОРЫС ТІЛІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІН БЕРУ КЕРЕК" дегені ЖАНЫНА МАЙДАЙ ЖАҚҚАН ЖАСАРАЛ ҚУАНЫШАЛИН фейсбуктағы өз постында былай СҰҢҚЫЛДАЙДЫ: "Әсіре ұлтшылдар «Ашық алаң» газетінде жарияланған Сәкен Жүнісовтің мақаласындағы: «Орыс тіліне мемлекеттік мәртебе беру керек», – деген жеке пікірін бөлектеп алып, оны бейне бір сол газеттің ұстанған «позициясы», «таңдауы», «сатқындығы» тәрізді етіп көрсетуге тыраштанып, байбалам салып жатыр. Ал, олар «Ашық алаң» газетінің шын мәнінде қашан да ел, жер, ұлт, мемлекет мүддесін көздейтін адал басылым екенін білмегендіктен осындай әрекетке барып отыр ма?"-дейді. Алжыған неме-ау, "ел, жер, ұлт, мемлекет мүддесін көздейтін адал басылым" осындай арандатушылық, қаскүнемдік мақала жариялай ма? Сенің Жанболатты неге жақтап отырғаныңды жақсы білеміз. Біріншіден, екеуің де бір жерден, орыстар мен орысқұл қожайындарыңнан жем жеп отырсыңдар. Екіншіден, сен екеуің сынап отырған нағыз ұлтшыл Серік Сапарғали сен екеуіңнің де Жаңаөзен оқиғасында қазақ мүддесін сатып кеткендеріңді шегелеп дәлелдеп, әшкерелеп бергенін ел интернеттен оқыған. Сол үшін оған өшігіп отырсыңдар. Үшіншіден, екеуің де қазақ тілін қолдаған 138-дің хатына қол қоймай қашқасыңдар қожайындарыңның тапсырмасымен. Сендерге тіл не керек, қожайын айтып, қомақты сүйек лақтырса болды да... Сол кезде де, сендер дәл осылай: "Менің ойымша, аталмыш саяси науқанның негізгі мақсаты – қазір Қазақстанды Ресей құрамына қайтадан «өз еркімен» қосу үшін жоспарланған Еуразиялық одаққа қарсы елімізде жүргізіліп жатқан негізгі іс-әрекеттерден, жұртшылық назарын енді екі күннен соң Еуразиялық одақ жөніндегі сатқындық келісім-шартқа қол қою шарасынан басқа жаққа аударып әкету"-деп оттағасыңдар. Солай өздеріңнің қазақ тіліне қарсылықтарыңды ақтаап, жасырып жаппақ бодыңдар. Оу, дәл осы кезде "орыс тіліне мемлекеттік тіл статусын беру керек" деп елді бірінші шулатқан Жанболаттың "Трибунасы" емес пе, оны сол үшін сойып салған "Қазақ үні" газеті мен Абай.кз сайты емес қой... Сонда сендер сөйтіп ойлайды деп, олар Жанболатты сынамай, ЕЭО-ға қол қойылып бітуін күтіп отыруы керек пе? Жаман сырын айтамын деп, шынын айтады дегендей, жалған оппозиционер рөлін ойнап жүрген Жанболат шынында да осындай шу боларын жақсы біліп, Еуразиялық экономикалық одаққа қол қоюдан ел назарын басқа жаққа аудару үшін әдейі шығарған шығар осы өртті онда... Иә, бұрын неге ойламағанбыз....Онда енді бұл "астыртын хабарыңыз" үшін рахмет, Жасарал мырза...

 Махамбет Ерғали,

Фейсбуктағы парақшасынан

28.05.2014. Қажымұқан Ғабдолла. Ж.ҚУАНЫШӘЛИН ҚАЗАҚТЫ ҚАЛАЙ САТТЫ?   https://qazaquni.kz/?p=14089 Серік Сапарғали: “ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ Әбіләзовтің МАЙШЕЛПЕГІНЕ АЙЫРБАСТАП ЖІБЕРДІҢ, ЖАСАРАЛ!”  https://qazaquni.kz/?p=13685 Төлеубек Сейітқалиұлы. «СЕНГЕН ҚОЙЫМ СЕН БОЛСАҢ…»  Жасарал өз халқының тамырына балта шабуға кіріскенін айтуды міндетім деп санаймын.    https://qazaquni.kz/?p=26605