Батыс Қазақстан облысының әкімі малшы таба алмай жүр!..
2014 ж. 17 маусым
1787
0
Бөкейорда ауданында тұрғындардың жан басына шаққанда 4,5 бас малдан келеді, деп хабарлайды BNews.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, Орда ауылында "Агробизнес 2020" бағдарламасын іске асыруға арналған көшпелі кеңес өтті. Бөкейорда ауданы – облыс орталығынан ең шалғайда жатқан ауыл, ол Оралдан 600 шақырым ұзақтықта орналасқан.
"Біз өз өңіріміздің артықшылығын насихаттауымыз керек. Өткен жылдың күзінде ет экспортына карантин алып тасталды. Қазір үкіметте 1 млн га полигон жерлерін қайтару мәселесі қаралып жатыр", - дейді БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев.
Бөкейорда ауданында жол салу мәселесі шешіліп жатыр. Атқарушы органдар ет өнімдерін сататын жаңа нарықтарды іздеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізіп жатыр. Биылғы жылы РФ Самара және Саратов қалаларында ет сататын павильондар құрылысы басталды. Шаруалардың міндеті – мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану.
Мұндай көшпелі кеңес БҚО Жаңақала ауданында да өтті. Онда өңір әкімі кадр мәселесін көтерді.
"Қазір малшы табу қиынның қиыны. Неге екені белгісіз, мал баққысы келетіндер табылмай тұр. Біздің өңіріміз мал шаруашылығына қолайлы болғандықтан, Қазақстанның өзге облыстарынан инвесторлар көптеп келіп жатыр. Олардың айтатыны "малшыларды Моңғолиядан және Қытайдан тарту керек". Меніңше, өз азаматтарымыздың санасын өзгертуіміз қажет, жұмыс таңдамай, кез келген жұмысты істеуге дайын болуымыз керек", - деді облыс әкімі.