Астанада 9 қабатты үй өртенді
2014 ж. 16 маусым
1982
0
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 9 қабатты үйден өрт шығып, 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.
Бүгін Ш.Құдайбердіұлы көшесі бойында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, төтенше жағдай мамандары оқиға орнына жеткен кезде 2-ші мен 9-шы қабат аралығында, кабельдік-коммуникациялық шахтадағы электр кабелі жанғаны анықталған. Өртті сөндіру барысында 50 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 18 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылған. Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 45 маманы, 7 негізгі және 4 арнайы техникасы жұмылдырылды.