Көпбалалы ана банкке "бомба қойды"
2014 ж. 16 маусым
2620
1
ОҚО-да Шардара тұрғыны нашар қызмет көрсеткені үшін банктердің біріне "бомба қойды". "Қойылған бомба туралы хабарлама 11 маусым күні Шардара АІІБ-ге түсті.
Хабарласқан адам банктердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы айтқан. "Оқиға орнына жергілікті АІІБ қызметкерлері, "Арлан" арнайы бөлімі мен экстремизмге қарсы күрес басқармасы шықты", - деді ОҚО ІІД брифингте. Алайда ол жерді қарау кезінде жарылғыш зат табылмады. Жедел іздестіру барысында "телефон лаңкесінің" кім екені анықталды. Ол 1970 жылы туған жергілікті тұрғын - әйел адам болып шықты. Жеті баланың анасы сол күні банкке ақша алу үшін келгенін айтқан. Алайда қызметкерлер жарықтың болмауына байланысты оған көмектесуден бас тартқан. Осылайша әйел полицияға хабарласып, бомба қойылғаны жайлы айтып өш алмақ болған. Ол ұялы телефоннан хабарласқан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 242-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге 200-ден 500 долларға дейін АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу жүргізіліп жатыр.