Ақбөкенді заңсыз аулаған браконьерлер қамауға алынды
2014 ж. 16 маусым
2347
0
Табиғатты қорғау полициясы заңсыз аң аулаған Ұлытау ауданының тұрғынын құрықтады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Жанатай Сембеков хабарлады.
«Ұлытау ауданында рейдтік шаралар кезінде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері 48 жастағы Сарлық ауылының тұрғыны басқарған «Ниссан Теран» маркалы автокөлікті тоқтатады. Жүргізуші уақытша жұмыс істемейді екен», - деп мәлімдеді Ж. Сембеков.
Көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан ақбөкеннің еті табылды. Жүргізушіден 16 калибрлі бір атар мылтық, патрондар, пышақ, бытыра тәркіленді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, сот-ветеринарлық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
www.bnews.kz