Әлемде 16,3 миллион миллионер отбасы бар
2014 ж. 10 маусым
2018
0
"Әлемде отбасылық капиталы 1 миллион доллардан асатын 16,3 миллион отбасы бар екені анықталды. 2012 жылы олардың саны 13,7 миллион болған" деп мәлімдейді Tengrinews.kz The Boston Consulting Group баяндамасына сілтеме жасап.
Жер бетіндегі халық санына шаққанда әлемдегі миллионер отбасылардың үлес салмағы 1,1 пайызды құрайды. Миллионер отбасылардың басым бөлігі АҚШ-та тұрады, олардың саны - 7,1 миллион. Одан кейін Қытай - 2,4 миллион, Жапония - 1,2 миллион. АҚШ пен Қытайдағы миллионер отбасылардың өсімі, тиісінше, 1,1 және 0,9 миллион болса, Жапонияда бұл көрсеткіш 1,5 миллионға жеткен, алайда бұл жапондық иеннің долларға қатысты құнсыздануымен байланысты болып отыр. Сондай-ақ, тізімнің алғашқы ондығына кіргендер Ұлыбритания (513 мың миллионер отбасы), Германия (386 мың), Канада (384 мың), Тайвань (329 мың), Италия (281 мың) және Франция (274 мың).
Ал жергілікті халық санына шаққанда ең көп миллионер отбасы Қатар елінде - 17,5 пайыз. Одан кейін тұрғандар Швейцария (12,7 пайыз), Сингапур (10 пайыз), Гонконг (9,6 пайыз) және Кувейт (9 пайыз).
Отбасылық капиталы 100 миллион доллардан асатын отбасылар көшін АҚШ бастап тұр - 4754 отбасы. Тізімде одан кейін тұрғандар Ұлыбритания (1044), Қытай (983), Германия (881) және Ресей (536).
tengrinews.kz