Петропавлда экс-әкімнің орынбасарына қатысты іс қозғалды
2014 ж. 29 мамыр
2043
1
Петропавлда қаржы полициясы қызметінен алынған Солтүстік Қазақстан облысы әкімі орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғады.
news.ivest.kz фотоЕнді сот санкция берсе, қолына кісен салынып изоляторға қамалады. 47 жастағы Владимир Балахонцевқа мемлекеттік тендерді өткізу кезінде "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айып тағылып отыр.
Бірақ қаржы полициясы істің мән-жайын ашып айтқан жоқ.
Ал бағыныштыларының былығы үшін күні кеше Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров өз еркімен отставкаға кеткен болатын.
Өйткені экс-әкімнің қарамағындағылары бірінен соң бірі шатылып жатыр. Сондықтан Ескендіровтың әрі қарай қызметін жалғастыруына ары жібермепті.