Тағы бір сарбаз әскерде көз жұмды
2014 ж. 20 мамыр
2082
0
Қарағанды облысында Ішкі әскерде борышын өтеген сарбаз өз-өзіне қол салды.
Айтуларынша, ұлдары күні кеше телефонмен хабарласып, үйінен 20 мың теңге және су жаңа қол сағат сұратыпты. Оны әлімжеттік көрген жауынгер өзінен бұрын келген сарбаздарға бермек болған екен.Желтоқсанда ғана әскерге алынған 18 жастағы Алматы облысының тумасы өзі күзеткен түрменің мұнарасында атылып өлген. Алайда, командирлердің суицид деген үйреншікті уәжіне марқұмның туыстары сенбей отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Мырзатай Сапарбаев өлер алдында ауылдағы жолдастарына да дәл осындай өтінішпен қайта қайта қоңырау шалыпты.
"Қастандық жасаған келісім-шарттағылар мен командирлері. Бұл шындық! Бауырымызды отан қорғау үшін тірідей әлпештеп жібереміз. Ал оны табытпен әкелсе, біз сонда не үшін, ендігі жағдайда қалай сеніп борышын атқарсын деп жібереміз?", - дейді марқұмның туысы Несібелі Тілемісова.
Жалпы, Қарағандыдағы №6505 әскери бөліміндегі бұл бірінші оқыс оқиға емес. Соңғы 2 жылда мұнда 3 бірдей сарбаз өз-өзін атып өлтіріпті.
Бірақ, тым суицидшіл" әскери бөлімше, керісінше, әлсіз солдаттарды кінәләп, өздеріне шаң жуытпай отыр.
"Орталық" әскери қолбасшылығының баспасөз хатшысы Қанат Достың мәлімдеуінше, ол сарбаз басында "Мен әскери қызметті өтегім келмейді" деген сөздер айтқан болатын. Ол жазба түрінде де, таспа түрінде де - барлығы бар. Ол алдын ала түсірілген қағазда жазылған.
Баспасөз хатшысы офицерлер құрамынан да, келісім-шарт әскери қызметшілер бойынша да ондай жарғыдан тыс әрекеттер болмағанын кесіп айтты.
КТК арнасы