Өзіне қол салған оқушының туыстары мектеп ұжымын кінәлауда
2014 ж. 13 мамыр
2118
1
Қарағанды облысында 8-ші сыныптың оқушысы көпірден секіріп мерт болды. 14 жастағы Камила Ысқақова дәл Жеңіс күнін атап өтіп жатқанда өзіне қол салған. Марқұмның туғандары бұған мектеп ұжымын кінәлауда.
Марқұмның туыстары болған жайтке мектеп ұжымын кінәлауда. Жеткіншек Жеңіс күні мерекелік шарадан шеттілген екен. Суицидке де сол себеп барды дейді олар.Сол күні жеткіншек қан қысымы жоғары деп мерекелік шаралардан шеттетілген екен. Суицидке итермелеген де осы жайт дейді ағайын-туыс. Істің ақ-қарасын қазір тәртіп сақшылары анықтап жатыр деп хабарлайды КТК арнасы. Әкесіз, бар деген аты болмаса ананың алақанын да аракідік көріп, тек әжесінің бауырында өскен қызды қарт ана жүрегі қарс айырыла жоқтайды. "Үйде көмекшім еді. Үйдің барлық тіршілігі соның мойнында еді. Алтын балам-ай жоғалтып алдым ғой. Менің алдымда кетіп қалды-ау, менің жолым еді. Жол менікі еді, жарық дүниеге симай кетті балам", - деп қынжылады қазір марқұмның әжесі Ғайнижамал Ысқақова.
"Мерекелік шеруде мектеп мұғалімдері оған дауыс көтеріп, елдің көзінше балағаттағанын, кемсіткенін көргендер бар. Қазір барлығын жасырғылары келеді", - дейді марқұмның туысы Жанна Әбілқасымова. Сол күнгі сұмдықта қызды құтқаруға ұмтылған психологтың өзін жұрт жабылып жүріп әрең шығарып алыпты. Содан бері ол суық тиіп ауруханада жатыр.
Бір қызығы, секіретіннің алдында марқұм дәл сол адаммен телефон арқылы сөйлескен екен. Ал Нұра ауылындағы мектеп оқушылары қаралы күндерден ес жия алмай жүр.
Айтуларынша, мерекеде Камиланың көңіл күйі күндегідей болған. Сынып жетекшісі болса, ел айтып жүрген эстафетаның өзі өтпей қалған еді дейді. Дегенмен қазір қылмыстық іс қозғалып тексерістер мен тергеу жүріп жатыр. Марқұмның туыстары айтқандай өзіне қол салуға апарған жайт әшкере болса, жауаптылар анықталмақ. Болмаса, қыздың көпірден абайсызда құлап кетуі мүмкін деген болжам да жоқ емес.
КТК арнасы