Өскеменде «Лексус» жүкті әйелді соғып кетті
2014 ж. 06 мамыр
2149
0
Өскемен орталығында «Лексус» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі 30 жастағы жүкті әйелді соққан. Жапа шеккеннің екі жіліншігі сынып, құрсағындағы баласы дүние есігін ашпай көз жұмды. Әйел дереу қалалық ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік апатының орын алуына жүргізуші әйелдің ағаттығы себеп болған. Ол көлік жылдамдығын дұрыс басқара алмаған, деп хабарлады полиция қызметкерлері.
296-баптың 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақпарат