Ғалымдар өмірдегі ең бақытты сәтті анықтады
2014 ж. 06 мамыр
3013
0
Британдық әлеуметтанушылар қазіргі еуропалықтың өміріндегі ең бақытты сәтті анықтады. Олардың айтуынша, ол жұма күні сағат 18.08-де, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Адамды қуаныш пен бақыт сезімі жұма күні жұмысынан шығып, алдағы демалыс күндерін қалай өткізетіні туралы ойлаған кезде баурап алады екен. Бұл сезімді еуропалықтардың басым бөлігі кешкі сағат алтыдан сегіз минут өткенде аса өткір сезінетін көрінеді.
«Біз мұндай көңіл-күйді «жұма күнгі шаттық» деп атадық», - дейді зерттеулер жетекшісі Джулиан Гай. Еуропа тұрғындарының келесі «бақытты сәті» сенбі күні таңертең байқалады екен.
Гайдың айтуынша, еуропалықтардың көңіл-күйінің барынша төмендеуі дүйсенбі күні 13 сағат 42 минутта байқалған. Мұны ол адамдардың көпшілігінің аптаның дәл осы алғашқы күні жұмысқа қатысты күйзелістердің негізгі бөлігін басынан кешіруімен байланыстырады.
Қазақпарат