Қырғызстанда қазақстандық азаматты саудалауға ұрлап кетті
2014 ж. 05 мамыр
1363
0
Бішкекте ҰҚТ мүшелері Қазақстан азаматын ұрлап кетіп, 30 мың доллар талап еткен. Бұл туралы BNews.kz Бішкектің ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Милицияның мәліметіне қарағанда, 1 мамыр күні Қазақстан азаматы И.Бақытжан 28 сәуір күні белгісіз біреулер 27 жастағы ағасы Байғаниді ұрлап кеткенін айтып, шағымданған.
Ағасын босату үшін қылмыскерлер одан 30 мың доллар талап еткен. Сол күні жедел-алдын алу шарасы ұйымдастырылып, оның Дордойдағы жаңа тұрғын үйлердің бірінде қамауда отырғаны анықталды. Ұйымдасқын қылмыспен күрес басқармасы және жедел әрекет ету жасағы қызметкерлері жылу радиаторына байланған азаматты босатып алды.
Күдікті 34 жастағы А.Медер мен 35 жастағы Н.Ратбек ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 170 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
bnews.kz